/**/

«ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына қатысты мәселелер бойынша шешім туралы ақпарат:

2017 ж. 26 маусымдағы № 102/2 шешім.

1. Қоғамның уәкілетті өкілінің “Қазгермұнай” бірлескен кәсіпорны” ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысында (бұдан әрі «Жиналыс) дауыс беруіне негіз болатын шешімдер бекітілсін:

1.1. ҚГМ БК-ның Басқарма мүшесі, ҚГМ БК бас директорының Бірінші орынбасары – Кәрім Медет Сәпиұлы мырзаның («ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өкілінің) өкілеттіктері 2017 жылдың 30 маусымынан бастап, оған еңбек шартының талаптарына сәйкес 3 (үш) лауазымдық айлықақы мөлшерінде өтемақы төлене отырып, мерзімінен бұрын доғарылсын.

1.2. Қайыржан Есен Қайыржанұлы мырза («ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өкілі) ҚГМ БК-ның Басқарма мүшесі үшін белгіленген өкілеттіктердің тұтас алғандағы мерзіміне 2018 жылғы 05 маусымға дейінгі уақытты қоса алғанда, ҚГМ БК-ның Басқарма мүшесі, ҚГМ БК бас директорының Бірінші орынбасары болып сайлансын. 

1.3. ҚГМ БК бас директорының Бірінші орынбасары Қайыржан Есен Қайыржанұлы мырзаның лауазымдық айлықақысының мөлшері, оған еңбек ақы төлеу және сыйлық беру шарттары еңбек шартының талаптарына сәйкес белгіленсін.  

1.4. ҚГМ БК Бақылау кеңесінің Төрағасы Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы мырза ҚГМ БК бас директорының Бірінші орынбасары Қайыржан Есен Қайыржанұлы мырзамен арадағы еңбек шартына қол қойсын. 

2. Қоғамның уәкілетті өкіліне қабылданған шешімге сәйкес алдағы уақытта көзбе-көз және сырттай нысанда өткізілетін жиналыста дауыс беру тапсырылсын. 

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz