/**/

«ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына қатысты мәселелер бойынша шешім туралы ақпарат:

2017 ж. 16 қазанда № 105/1  шешім.


1.  Қоғамның 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде аудиттелген, Қоғамның дара акционерінің, дауыс беретін акциялары иесінің 2017 ж. 22 мамырдағы  № 101/2 шешімімен бекітілген қаржылық есептілігі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес назарға алынсын.
2. 2016 жылғы ІІ тоқсанның қорытындылары бойынша Қоғамның өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасын бөлу тәртібі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. 2016 жылғы ІІ тоқсанның қорытындылары бойынша Қоғамның акцияларына дивидендтер есептелініп, төленсін:
3.1. 2016 жылғы ІІ тоқсанның қорытындылары бойынша Қоғамның 89,500,000 (сексен тоғыз миллион бес жүз мың) жай акциясына бір жай акцияға шаққанда 300 (үш жүз) теңге мөлшерінде жалпы сомасы  26,850,000,000 (жиырма алты миллиард сегіз жүз елу миллион) теңгені құрайтын дивидендтер есептелініп, төленсін;
3.2. Заңның 24.1-бабының талабына сәйкес 2016 жылғы ІІ тоқсанның қорытындылары бойынша Қоғамның 10,500,000 (он миллион бес жүз мың) артықшылықты акциясына бір артықшылықты акцияға шаққанда 300 (үш жүз) теңге мөлшерінде жалпы сомасы 3,150,000,0000 (үш миллиард бір жүз елу миллион) теңгені құрайтын дивидендтер қосымша есептелсін;
3.3. 2016 жылғы ІІ тоқсанның қорытындылары бойынша Қоғамның артықшылықты және жай акцияларына дивидендтерді төлеу 2017 жылдың 15 қарашасынан басталсын;
3.4. дивидендтерді алу құқығына ие Қоғам акционерлерінің тізімі 2017 жылғы 27 қазандағы жағдай бойынша жасалсын;
3.5. дивидендтерді төлеу өткен жылдардың бөлінбеген пайдасының есебінен табыс салығын шегере отырып, акционердің банктік шотына қолма-қол ақшасыз аудару жолымен жүргізілсін.
3.6. Заңның 23.2-бабының талабына сәйкес Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім шешімнің қабылданған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде “Казахстанская правда” газетіне жариялансын;
3.7. Заңның 24.3-бабының талабына сәйкес Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім дивидендтерді төлеу мерзімі басталар алдындағы 5 жұмыс күні ішінде “Казахстанская правда” газетіне жариялансын.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz