ПҚҚР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗДЕРІНІҢ КӘСІПТІК МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТТІ
Қыркүйек айының бірінші жексенбісінде қазақстан мұнайшылары өздерінің кәсіптік мерекелерін тойлайды. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясы Құмкөл, Арысқұм, Тұзкөл кеніштерімен Қызылорда қаласында салтанатты іс-шаралар өткізді.
Арысқұмда атап өту
Мерекелік іс-шаралар Арысқұм кенішінде бастау алды. «ПҚҚР» АҚ күрделі құрылыс және сыртқы байланыстар жөніндегі вице-президенті Болат Көшербаев қызметкерлерді мейраммен құттықтап, оларға еңбекте табыс, отбасының амандығы мен мықты денсаулық тіледі. Үздік шыққан қызметкерлер марапаттарға ие болды.
Облыстық маслихаттың алғыс хаты газ объектілерінің жабдықтарын пайдалану жөніндегі шебер Фарид Құлмахановқа табыс етілді. Қала әкімінің құттықтау хаты диспетчер Назым Бакироваға табысталды. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясы басшылығының алғыс хатымен 4-разрядты мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор Асан Исламбек, 5-разрядты электр монтері Еркін Кемалов, 4-разрядты мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор Досым Кенжебаев және 4-разрядты слесарь-сантехник Аманбек Надирбаев марапатталды.
Мұнайшыларға жылы лебіздері мен құттықтау сөздерін кәсіподақ комитетінің заңгері Бақыт Мұқашева жолдап, мұнайшылардың негізгі қасиеттерінің бірі еңбекқорлығы мен төзімділігін атап өтіп, кеніштегі мұнайшыларға қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді.
«АДС» және «Акарт» триосы керемет әндер шырқаса, «Тұмар» би тобы хореографиялық қойылымдарды орындаған болатын.
Құмкөлде Мұнайшылар күні тойланды
Құмкөл кенішіндегі мұнайшыларды кәсіптік мерекемен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Басқарма Төрағасы У Линьган мырза құттықтады.
– «Мұнайшы күнін біздің компанияның ұжымы жақсы көрсеткіштермен қарсы алуда, – деді Басқарма Төрағасы. – Компания мұнайды тұрақты түрде өндіруді жалғастыруда: ағымдағы жылдың 7 айы ішінде 973,5 млн. тонна немесе жылдық жоспардан 64% мөлшерде мұнай өндірілді. Геологиялық барлау нәтижесінде жаңа Бұқарсай кеніші ашылды. Кеніш КСШ қорларын ұлғайту үшін перспективалық объект болып табылады. Қызметкерлеріміздің кәсібилігінің арқасында біз алдымызға қойылған өндірістік мақсаттарға табыспен қол жеткізе аламыз деген сенімдеміз.»
Басқарма Төрағасы компания қызметкерлеріне марапаттарды табыстады. ҚР Энергетика министрлігінің құрмет грамотасымен кеніштегі өндіру технологиясы бөлімінің бастығы Нұрудулла Жолдыбаев, ҚР Энергетика министрлігінің алғыс хатымен кеніштегі өндіру технологиясы бөлімінің бастығы Сәбит Бурихуджаев, «ҚазМұнайГаз» МК АҚ құрмет грамотасымен Құмкөл кенішіндегі ЕҚжЕҚ тобының жетекшісі Ыдырыс Нурпейісов, «ҚазМұнайГаз» МК АҚ алғыс хатымен Құмкөл кенішіндегі БӨАжА инженері Александр Жданкин марапатталды. «Қазэнерджи» Ассоциациясының алғыс хаты геолог Мейрам Есімхановқа, облыстық маслихаттың алғыс хаты МДАЦ механигі Беген Қалымбетовке және мұнай дайындау және айдау цехының шебері Камила Нұрланқұловаға табыс етілді. Компания басшылығының алғыс хатымен материалдарды бақылау жөніндегі маман Жанат Ерлепесова, 5-разрядты сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы Жанұзақ Жұмаханов, суретші-безендіруші Ғалымжан Тілеубергенов марапатталды.
Мерекелік бағдарламаны музыкалық нөмірлер жалғастырды. Концерттік бағдарламаның жүргізушілері Асылхан Дүкенбаев пен Әйгерім Өсерова көптеген қызықты әрі көңілді конкурстар мен викториналар ұйымдастырды.
Ардагерлерге құрмет!
Кәсіптік мереке – Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні қарсаңында компания басшылығы мұнай саласының ардагерлерімен кездесіп, өндіріс озаттарына марапаттар табыстады.
«ПҚҚР» АҚ Басқарма Төрағасы У Линьган мырза ардагерлерге салтанатты түрде естелік сыйлықтар табыс етті. У Линьган: «Біздер өңірдің мұнай өнеркәсібінің дамуына қомақты үлес қосқан ардагерлерімізді мақтан тұтамыз. Қиын-қыстау қысылтаяң заманда олар мұнай-газ саласын игеру жұмыстарының басы-қасында болды, тіпті ең қытымыр ауа райы жағдайлары кезінде жұмыс орнын қалдырып кетпей мұнай өндірді. Олар төзімділік пен кәсібіне адалдық үлгісі болып келеді, олар мұнайшылар ұрпағы сабақтастығының үздік дәстүрлерінің негізін қалап берді» деп, ардагерлерге жылы лебіздерін білдірді.
Мереке өндіріс озаттарын марапаттаумен жалғасты. Компанияның дамуына жеке үлес қосқаны үшін операторлар, шеберлер, цехтардың жетекшілері, геологтар, технологтар және басқалары ҚР Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» МК АҚ-ның, «Қазэнерджи» Ассоциациясының, «Самрұқ Қазына» АҚ-ның, облыстық және қалалық әкімдіктің, облыстық маслихат пен компания басшылығының алғыс хаттары мен құрмет грамоталарын иеленді. Кәсіптік мерекенің құрметіне барлығы 90-нан астам қызметкерге лайықты марапаттар табысталды.
Мұнайшылар өздеріне арналған көптеген жылы сөздер мен жүрекжарды құттықтаулар естіді. Кәсіптік мерекемен кәсіподақ комитетінің төрағасы Елеусін Дүйсенов құттықтады. Өзінің құттықтау сөзінде ол: «Алғашқы құттықтау сөздерімді мен дәстүрлі түрде біздің ардагерлерге жеткізгім келеді. Сонымен қатар Сіздердің аттарыңыздан зейнеткер-ардагерлерін назардан тыс қалдырмайтын, рухани және әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған іс-шараларды өткізіп тұратын компания басшылығына бүгінгі кездесу үшін алғыс айтуыма рұқсат етіңіздер» – деп айтты. Елеусін Дүйсенов сондай-ақ «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кəсіптік одағы» ҚБ-ның марапаттарын табыстады. Құрмет грамоталарын 6-разрядты компрессорлық қондырғылардың машинисі Қайсар Әшімов, 5-разрядты мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор Дүйсен Досқалиев, 5-разрядты компрессорлық қондырғылардың машинисі Дархан Жұманов, инженер-механик Руслан Малдыбаев, техник Қуаныш Прманов, өрт сөндіруші Бауыржан Мамырбаев, мұнай және газ өндіру жөніндегі инженер Жібек Игілікова, көрсетілетін қызметтерге арналған келісімшарттар жөніндегі маман Назым Сейтимова, петрофизик Күлшім Бимағанбетова иеленді.
Бүкіл ұжымға өз алғысын «ПҚҚР» АҚ ардагерлер ұйымының төрағасы Барлыбай Биманов білдірді және барлық қызметкерлерге табысты кәсіптік биография, ал компанияға тұрақтылық пен өсіп-өркендеуін тіледі.
Салтанатты іс-шара мерекелік фуршетпен аяқталды.
Басшылық пен акционерлер Тұзкөл кенішінде вахташыларды құттықтады
4 қыркүйек күні мерекелік іс-шаралар Тұзкөл кенішінде өз жалғасын тапты. Мұнай кәсіпшілігінің қызметкерлерін мерекемен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Басқарма Төрағасы У Линьган мырза, «Көлжан» ЖШС директорының орынбасары Ғалым Байманов, «SSM Ойл» ЖШС акционері Серік Қонақбаев, «SSM Ойл» ЖШС бас директоры Зәуірбек Жүнісов құттықтап қайтты.
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Президентінің грамоталары, «Көлжан» ЖШС және «SSM Ойл» ЖШС басшылығының құрмет грамоталары мен алғыс хаттары кеніштегі қызметкерлер тобына жемісті еңбектері, жоғары жауапкершіліктері мен компанияның дамуына қосқан үлестері үшін табысталды.
«ПҚҚР» АҚ компаниясы басшылығының алғыс хатымен 3-разрядты қабат қысымын сақтау жөніндегі оператор Ғалымжан Саткеев марапатталды. «Көлжан» ЖШС компаниясы басшылығының алғыс хатымен 5-разрядты мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор Ұлан Есжанов, 3-разрядты қабат қысымын сақтау жөніндегі оператор Дархан Сабыров, 3-разрядты қабат қысымын сақтау жөніндегі оператор Байкен Шәрменов, 4-разрядты мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор Нұржан Бердиев, 4-разрядты мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор Нұрлан Бақбергенов атап өтілді. «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кəсіптік одағы» ҚБ-ның құрмет грамотасы кеніштерді пайдалану жөніндегі шебер Қанат Көшімбаевке тапсырылды.
Сол күні Тұзкөл кенішінде жұмыс істейтін мұнайшылар үшін дайылдалған концерт болып өтті.
Қызылордадағы мұнайшыларға құрмет көрсету
14 қыркүйек күні Н. Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театрында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мұнай-газ саласының жұмыскерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Облыс әкімі өз сөзінде өңірдегі мұнай саласының дамуының қайнар көзі Құмкөл кенішінің ашылуы болып табылатынын атап өтті.
Мұнайшыларды мерекемен Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев құттықтады.
Саланың үздік жұмыскерлері тобына ҚР Энергетика министрлігінің, облыс әкімдігі мен «Казэнерджи» қауымдастығының наградалары табыс етілді.
Жиналысқа қатысушыларға мерекелік концерт қойылды.