2012 жылғы 21-22 қаңтар күндері «ПетроҚазақстан» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мемлекеттік органдар мен мұнай компанияларының арасында мини-футболдан турнир өткізілген болатын.
Мемлекеттік органдар мен мұнай компаниялары қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бірлескен рухты дамыту және қолдау – турнирді өткізудің басты ұраны.
Турнирдің ашылу салтанатына Қызылорда облысы бойынша туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасының бастығы С. Мұстафаев пен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Вице-президенті Чэнь Да Ю қатысты.
Турнир бәсекесіне 8 (сегіз) команда атсалысты, олар: «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Торғай Петролеум» АҚ, облыс әкімдігі, қала әкімдігі, салық комитеті, қазынашылық департаменті және төтенше жағдайлар жөніндегі департамент.
Осы турнирге қатысқан мемлекеттік органдар мен мұнай компанияларының 80 қызметкері өздерінің басым бөлігі бойынша мемлекеттік қызметшілердің, менеджерлердің, операторлардың буынына жататын және сондықтан да турнир олар үшін өмір салтын алмастырудың өзіндік сыр-сипатына айналды.
Турнирдің басты олжасы Кубок пен бірінші орынды «Торғай Петролеум» АҚ командасы жеңіп алды, екінші орынға «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ ие болды, ал үшінші орын Қызылорда облысы әкімдігінің командасына бұйырды.
«Команданың барлық қатысушылары ¬өздерін тек өз ісінің білгірі ғана емес, сонымен бірге кәсіпқой футболшылар ретінде де көрсете білді. Бұл турнирге деген зор қызығушылықты ескере келе, біздің компания мемлекеттік органдар мен мұнай компаниялары арасында мини-футболдан өткізілетін турнирге «жыл сайынғы турнир» мәртебесін беруге ниетті,- деп атап өтті «ПҚҚР» АҚ Вице-президенті Чэнь Да Ю, турнирдің жабылу рәсімінде қатысушыларға сөзін арнай отырып.
Турнир жеңімпаздары медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. І орын үшін – 250 000 теңге, ІІ орын үшін – 200 000 теңге, ІІІ орын үшін – 150 000 теңге жүлде белгіленді.
Сол сияқты қазылар алқасының шешімімен үздік ойыншылар анықталып, мынадай аталымдар бойынша дипломдармен және бағалы сыйлықтармен мадақталды:
«Үздік қақпашы» – Қасымов Маратбек (Қызылорда облысы бойынша Салық департаментінің қызметкері),
«Үздік ойыншы» – Тобашев Еркін («ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жабдықтау жөніндегі маманы)
«Үздік қорғаушы» – Құдайбергенов Ринат (Қызылорда облысы әкімі Аппаратының бас инспекторы),
«Үздік шабуылшы» – Көбеков Нұрлан (Қызылорда облысы бойынша Қ»зынашылық департаментінің қызметкері),
«Үздік жартылай қорғаушы» – Оспанов Алтынбек («Торғай Петролеум» АҚ қызметкері).
«ПҚҚР» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс бөлімі