«ПетроҚазақстан» ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытын 30-күндік жоспарлы жөндеуге тоқтатуы туралы хабарлайды.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің меншігі мен қарамағындағы Шымкент мұнай өңдеу зауыты 2011 жылғы 19 қазаннан 19 қарашаға дейін жоспарлы жөндеуге тоқтатылады. Шымкент мұнай өңдеу зауытын жөндеуге тоқтату графигі ҚР Мұнай және газ министрлігімен келісілген.
Барлық жөндеу жұмыстары мен инвестициялық жобалар мұнай өңдеу зауытының сапалы және үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатымен оның жұмысын жақсартуға және жабдықтардың сенімділігін жоғарылатуға бағдарланған.