«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің Шымкент мұнай өңдеу зауытына танысу сапарымен Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маттиас Кислер мырза және Астана қаласындағы Елші орынбасары Ульрих Кинне мырза келді. Делегацияны Шымкент қаласы Әкімдігі мен қаладағы іскерлік қауымдастық өкілдері ертіп жүрді.
Сапар барысында, қонақтар техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқамадан өткеннен кейін, кәсіпорын нысандарымен, мұнайды өңдеудің заманауи технологияларымен және зауытты әрі қарай жаңғырту жоспарларымен танысты.
Бұл кездесу халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
ПКОП»ЖШС