/**/

Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы ағаш отырғызу акциясы

12 қазанда «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» жұмыскерлері өздерінің балаларымен бірге зауыттың санитарлық-қорғау аймағында ағаш отырғызу бойынша экологиялық акцияға қатысты. Тамаша күн шуақты ауа-райы, жарқын эмоциялар, ұмытылмас әсер, таныстыру экскурсиясы, дәмді тағамдар – осының бәрі біздің балаларымыз үшін ғана емес, компанияның жұмыскерлері үшін де мерекелік атмосфера тудырды. Акция барысында қарағаштың 500 көшеті отырғызылды және зауыт аумағына жақын орналасқан ауылдар үшін 500 алма көшетіне сертификат берілді, ол алма көшеттері де сол күні отырғызылды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz