/**/

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстарының 55%-ы орындалды.

ПҚОП-тағы жоспарлы алдын алу жұмыстары екі аптадан бері жалғасып келеді. Ол технологиялық, энергетикалық және метрологиялық жабдықтардағы профилактиканы, қысыммен жұмыс істейтін түтікшілердің, технологиялық пештердің және құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау және техникалық куәландыру жұмыстарын қамтиды.

Зауыттағы бұл жұмысқа 31 отандық сервистік компания жұмылдырылды. Кейбір жұмыс түрлеріне Ресей және Қытай мамандары тартылды. Персоналдың жалпы саны шамамен — 2100 адам. Сондай-ақ, 100-ден астам арнайы техника тартылған. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылып, кәсіпорын аумағындағы барлық жұмыс тәулік бойы жүргізіледі.

Бұл кезеңде ПҚОП өтінімдерге сәйкес кесте бойынша мұнай өнімдерін жөнелтуді жалғастыруда.

https://t.me/kmgpress арнасына жазылыңыз!

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz