/**/

«Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау жобасы (1, 2 кезеңдері)» бойынша жұмыс сызбалары дайындалып, кадр әлеуеті қамтамасыз етілді.

«Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау жобасы (1, 2 кезеңдері)» бойынша жұмыс сызбалары дайындалып, кадр әлеуеті қамтамасыз етілді.


Қазіргі уақытта «ПКОП» ЖШС-нің Инжиниринг және жобаны басқару департаменті зауыттың профильдік қызметтерімен бірге шамамен 60 мыңдай жұмыс сызбаларын дайындап, бітірді. 2018 жылдың наурыз айында жобаны механикалық аяқтағанға дейін 100 мыңнан астам жұмыс және атқару сызбалары дайындалатын болады.

«Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» стратегиялық жобасы үшін жобалау құжаттамасы қазақстандық заңнамаға сәйкес екі кезеңде дайындалды:

– 2012-2013 жж. «жоба» кезеңін – UOP (АҚШ) және Axens (Франция) компанияларының базалық жобалары мен технологиялары негізінде және «ПКОП» ЖШС инженерлерінің үйлестіруімен Technip (Италия) компаниясы және «КГНТ» ИК» ЖШС (ҚР, Алматы қ.) дайындады;

– 2014-2017 жж. «жұмыс құжаттары» кезеңін – «КГНТ» ИК» ЖШС мен «ПКОП» ЖШС-нің қолдауымен Қытай Халық Республикасының Пекин, Дальян, Циндао, Ченду, Үрімші қалаларындағы 5 институт дайындады.

Сызбаларды дайындау кезеңінде құрылыс, технологиялық процестер, энергетика, басқару жүйелерін автоматтандыру және басқа да мамандықтар саласында барлығы шамамен 500-дей қазақстандық және шетелдік инженер-жобалаушылар жұмыс сызбаларын дайындауға қатысты. Жобаның бірінші және екінші кезеңдерін аяқтау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынын төмендетпеу мақсатында «ПКОП» ЖШС-нің инженерлері жұмыс сызбаларын уақтылы дайындады. Жобалау жұмыстары сапасының жоғары екені шетелдік сарапшылармен және 1-кезеңнің нысандарын пайдалануға жемісті енгізумен және К4, К5 әлемдік стандарт (Евро-4, Евро-5 аналогтары) деңгейіндегі жоғары октанды бензиндерді шығарумен расталып, дәлелденді.
 
2-кезеңнің құрылыс алаңшаларында барлығы шамамен 4500-дей жұмысшылар мен инженер-техникалық жұмыскерлер жұмыс жүргізуде.

Белгіленген мерзімдерге сәйкес құрылыстың қарқынды жүруіне ат салысқан, жергілікті кадрлардың қатарынан алынған «ПКОП» ЖШС-нің жас инженерлері жаңадан құрылған №3 технологиялық цехтың басшылары негізін құрады. Тап осы жас  мамандар жаңғырту жобасының 2-кезеңінің RFCC каталитикалық крекинг кешенінің пайдалану персоналын және іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуге дайындауда.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz