/**/

Шымкент мұнай өңдеу зауыты жаңғырту жобасын іске асыру үшін несие алды

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау жобасын іске асыру үшін «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-нан несие алды.
Несиенің жалпы сомасы 932 млн. АҚШ доллары және ол қаржы 13 жылға дейін беріледі.
Естеріңізге сала кетсек, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау жобасы екі кезеңде іске асырылуда. Бірініші кезеңінің аясында қазіргі уақытта нысанда іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, бұл жұмыстарды шілде айына аяқтау жоспарлануда. Нысан іске қосылғанда кепілді пайдалану көрсеткіштеріне қол жеткізіліп, 2017 жылы К4, К5 экологиялық кластағы (Евро-4 және Евро-5 аналогы) жоғары октанды бензин мен дизель отыны алынып, оларды өндіру көлемі артатын болады. Жоғары октанды бензиндерді өндіру көлемі жылына 460 мың тоннаға, дизель отынын өндіру көлемі жылына 226 мың тоннаға, авиаотынды өндіру көлемі жылына 27 мың тоннаға артады.
Жаңғырту жобасының екінші – анағұрлым технологиялық күрделі кезеңі зауыттың мұнай өңдеу қуатын жылына 5,25 млн. тоннадан 6 млн. тоннаға дейін көбейтуге және шикізат өңдеу тереңдігін жоғарылатуға бағытталған. Жобаның екінші кезеңінде жоғары октанды моторлы отындарды алу үшін қуаты жылына 2,0 млн. тонна мұнайды терең өңдей алатын каталитикалық крекинг қондырғысы кешенін салу қарастырылған.
Шымкент мұнай өңдеу зауыты 1985 жылы салынған және еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыттарының ішінде кейінгі салынған зауыт болып табылады. Зауыттың қуаттылығы жылына 5,25 млн. тонна. Зауыт Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауыты өндіретін мұнайөнімдерінің жалпы жылдық көлемінің 30 %-н өндіреді.
Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2011 жылы басталған.
«ҚМГ-ӨМ» АҚ мен «СNPC» компаниясының әрқайсысына зауыт акциясының 49,72% үлесі тиесілі, 0,57% акциялары миноритарияларға тиесілі.
«Қазақстан Даму Банкі» (ҚДБ) АҚ – Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Ол 2001 жылы құрылған. Өндірістік инфрақұрылым мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, еліміздің экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға ықпал ету және тарту Банк қызметінің негізгі бағыттары болып табылады. ҚДБ мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларының ірі инвестициялық операторларының бірі және ол «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz