Бүгін, 30 маусымда Шымкент мұнай өңдеу зауытында («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де) ірі технологиялық нысан – шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар жеңіл бензин фракцияларын изомерлеу қондырғысы іске қосылды және К4, К5 экологиялық кластағы сертификатталған автомобиль бензиндерінің алғашқы өнімі алынды. Осылайша, «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құрылымдау» жобасының 1-кезеңі аяқталды.
31 наурыздан бастап маусым айының соңына дейін қуаты жылына 600 мың тонна өнім шығаратын изомерлеу қондырғысында іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілді.
Изомерлеу қондырғысын мұнай өңдеу зауытының технологиялық процесіне қосқаннан кейін заманауи экологиялық кластағы жоғары октанды бензиндерді шығару жылына 460 мың тоннаға. Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы іс жүзінде 2014 жылдың қаңтар айында басталды. Оның алдында техника-экономикалық негіздемесін, жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындау, жобаға мемлекеттік сараптаманың қорытындыларын алу және с.с. еңбекті көп қажет ететін жұмыстар жүргізілді.Жоба бойынша нысандардың құрылысын жүргізу кезінде жобада қазақстандық мамандар үшін 2500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды, тұрғылықты 100 артық жұмыс орны 1 этап бойынша соның ішінде 45 жұмыс орны изомеризация қондырғысында ітейді, сонмен қатар Атырау мұнай өңдеу зауытында және Қытай Халық Республикасының Гуансинь мұнай өңдеу зауытында жұмыскерлер кәсіби дайындықтан өткізілді.2017 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының бірінші кезеңінің нысандарын аралап шығып, жаңғырту жобасының бірінші кезеңін 2017 жылдың шілдесіне дейін аяқтау және К4, К5 экологиялық кластағы жоғары октанды бензиндерді шығару мүмкіндігін қамтамасыз ету жөнінде талап қойды. Зауыт қойылған талапты мерзімінде орындап шықты.
Ал 23 маусымда қуаты жылына 2,5 млн. тонна мұнай өнімдерін вагон-цистерналарға саңылаусыз, дәл құюды қамтамасыз ететін, Қазақстандағы алғашқы автоматтандырылған қондырғы іске қосылған болатын. Сондай-ақ, жаңғырту жобасының бірінші кезеңі аясында қуаты жылына 1,5 млн. тонна дизель отынын гидротазалайтын қондырғы, жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы және жалпы зауыт шаруашылығының нысандары іске қосылып, жұмыс істеп жатқанын айта кетейік.
Қазіргі уақытта зауыттың шикізат өңдеу қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізуге және шикізат өңдеу тереңдігін жоғарылатуға бағытталған жаңғырту жобасының екінші кезеңі нысандарының құрылысы жүргізілуде. Жоба 2018 жылдың қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.
Анықтама үшін: Шымкент мұнай өңдеу зауыты 1985 жылы салынған және еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының ішіндегі жаңасы болып табылады. Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2011 жылы басталған және ол 2 кезеңнен тұрады. АҚШ-тың UOP компаниясы «Penex» изомерлеу технологиясының лицензиары мен Базалық жобаның әзірлеушісі болып табылады. жобаның бас мердігері – Қытай Халық Республикасының СРЕСС компаниясы, жобаны орындауға 30 ортық жергілікті қосалқы мердігер компаниялар тартылды. «ҚМГ-ӨМ» АҚ мен CNPC компаниясы әрқайсысы зауыттың 50% акциясына үлес тиесілі.