/**/

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУШЫЛАР МЕН МЕЦЕНАТТАРДЫҢ ІІІ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫНДА «ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ» АҚ «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ» БОЛЫП ТАНЫЛДЫ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУШЫЛАР МЕН МЕЦЕНАТТАРДЫҢ ІІІ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫНДА «ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ» АҚ «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ» БОЛЫП ТАНЫЛДЫ

Үстіміздегі жылдың 27 қарашасы күні облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың III облыстық форумы болып өтті. Форум аймақтағы кәсіпкерлер-қайырымдылық жасаушылар мен меценаттарды қолдау, олардың ұнамды келбетін қалыптастыру арқылы қайырымдылық шарасының дамып-өркендеуіне жаңа серпін беру, қайырымдылық ісімен айналысатын барлық ұйымдар мен азаматтарды біріктіруге жәрдемдесу мақсатымен өткізіліп отыр.

Форумның қатысушыларына арнап облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов құттықтау лебізін білдіре келе: «Қазақстан Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығында рухани жаңғыруды бастады, осы арқылы қоғамдық сананың ауқымды түрдегі жаңарып-жаңғыруына жол ашылды. Мұның «Рухани жаңғыру» – «Туған жер» бағдарламасының негізінде жүзеге асырылатын маңызды жобалардың бірі екендігін атап өткен абзал. Осы бағдарламаға қатысты Елбасы әр азаматтың бұған өз үлесін қосуға тиіс екендігін атап көрсетіп, бизнес өкілдерін, шығармашылықпен және ғылыммен айналысатын зиялы қауымды туған жерге, туған өлкеге қол ұшын беруге және күш-жігерді ауылдастарды қолдап-көмектесу үшін жұмылдыруға үндеді. Туған жерге деген ерекше қадір-құрмет өзіңнің тікелей үлесіңді туған өлкенің гүлденіп-өркендеуіне жұмылдыруың болып табылмақ. Мәселен, ағымдағы жыл басталғалы бері аймақта 686 қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды, солардың нәтижесінде  40520 мұқтаж жанға жалпы сомасы 514,7 млн. теңгенің көмегі көрсетілді»,- деп атап өтті. 

Компанияның әлеуметтік корпоративтік жауапкершілігі жайлы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Басқарма төрағасы Чжао Сяомин мырза былайша әңгімеледі: «ПетроҚазақстан» компаниясы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке ие кәсіпорын ретінде әрдайым өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға, аймақта өткізілетін әлеуметтік іс-шараларға кәсіпорынның қатысуына айрықша көңіл бөліп келеді. Адамдардың өмірін жақсы жағына қарай өзгертуге қабілетті ірі елеулі маңызға ие жобаларды қолдап отыру, қайырымдылық іс-шараларына атсалысу – компания іс-қызметінің ажырамас бөлігі. Осының айғағы ретінде ПетроҚазақстан компаниясының көмек-қолдауымен Қызылорда облысында жүзеге асырылатын бірқатар жобаларды атап айтуға болады, олар: Қазалы ауданындағы мүгедек балаларды оңалту орталығын, Жаңақорған ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбастарынан шыққан балаларға арналған балабақшаны ұстау, қамқорлық жасау шаралары болып табылады. Компанияның қаржылай көмек-қолдауымен әр жыл сайын 1000 жеткіншек «Арай-Санрайз» балалар лагерінде тынығып жүр. Бүгінгі біз иелененіп отырған марапат – ПетроҚазақстан компаниясының атқарып келе жатқан қызметіне, қоғамның орнықты дәрежедегі әлеуметтік дамуына оның қосып отырған үлесіне берілген жоғары баға деп білеміз. Тұрғындардың әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын күшейте түсуге, ізгілікті бастамаларды қолдауға бағытталған жобаларды жүзеге асыру бойынша атқарылатын жұмыстар алдағы уақытта жалғаса беретін болады».

Бұдан соң қайырымдылықпен белсенді айналысатын және өскелең ұрпақ үшін үлгі болып табылатын 16 әлеуметтік-жауапты ұйымды марапаттау рәсімі болып өтті. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясының басшылығына «Жыл ұйымы» номинациясы табыс етілді.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясының еңбек ұжымын лайықты марапатымен құттықтаймыз!

Жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімі 

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz