/**/

Қаңтар айының алғашқы 18 күнінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС зауыты 240 мың тоннадан аса мұнай өңдеді

Қаңтар айының алғашқы 18 күнінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС зауыты 240 мың тоннадан аса мұнай өңдеді


«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де – Шымкент мұнай өңдеу зауытында 2017 жылы ҚР Энергетика министрлігінің жоспары бойынша 4,360 млн. тонна мұнай өңдеу жоспарланған болса, 2017 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 4,686 млн. тонна мұнай өңделген. Бұл көрсеткіш жоспардан 326 мың тоннаға артық, жоспар 107,5%-ға орындалды. Мұнай өнімдері жоспарлы көрсеткіштен 107,5%-ға артық өндірілді, яғни 4 млн. 388 мың тонна мұнай өнімдері өндірілді. Оның ішінде 279,7 мың тонна авиакеросин өндірілді, бұл жоспардан 59,4 мың тоннаға, яғни 127%-ға артық. Жалпы өндірілетін автомобиль бензиндерінің көлемі бойынша есептегенде өндірілетін жоғары октанды бензиндердің үлесі 69,0% болады деп жоспарланса, нақтысында ол 85,8%-ды құраған, бұл жоспардан 124,3%-ға артық.

2018 жылғы қаңтар айының алғашқы 18 күнінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де 240,3 мың тонна мұнай өңделді. Осы көрсетілген уақыт аралығында К4-экологиялық класындағы 54,5 мың тонна дизель отыны, К4-экологиялық класындағы 58,8 мың тонна жоғары октанды бензиндер жөнелтілді.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың маусымында Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жобасының 1 кезеңі аяқталған. К4, К5 экологиялық класына сәйкес келетін мұнай өнімдерін шығару қамтамасыз етілді.


Жаңғырту жобасының 2 кезеңін іске асыру аясында 2017 жылдың 29 желтоқсанында жалпы зауыт шаруашылығының бір қатар нысандарының құрылысы механикалық аяқталды.

2018 жылдың 30 қыркүйегінде жобаны жалпы аяқтау және мұнай өңдеу көлемін жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізуді қамтамасыз ету жоспарланған.

Жобаның бас мердігері СРЕСС (ҚХР) компаниясы болып табылады. Сондай-ақ, жобаны іске асыру үшін 30-дан астам жергілікті компаниялар тартылған.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz