Қоршаған әлемді өзгерту
Әрине, әр компания мақсаты – пайдалы әрі табысты жұмыс істеу. Алайда рухани байлық ұмыт қалатын болса, материалдық дүниенің мәні жоғалады. «ПетроҚазақстан» компаниясының ойынша қайырымдылық іс-шаралар адамдардың өмірлерін жақсартуға септігін тигізеді.
Анна Элас
«ПетроҚазақстан» үшін қайырымдылық іс-шараларының тек шығын жолы ғана емес, нағыз мейрам екендігінің шынайы дәлелі – «Наурыз Бибігүл Төлегеновамен» атты концерт болды. Ол Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ерекше жылылықпен, ықыласпен жарқырай өтті. Концертке қазақстандық және әлемдік опера сахналарының жұлдыздары, Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың үздік шәкірттері қатысты, ал кеш кейіпкерінің өнер көрсетуін тыңдармандар тұрып, ду шапалақпен қошеметтеді.
Осы концерттің тек табиғаттың ғана емес, тұтастай адамзат рухының жаңаруын білдіретін Наурызда өткендігі терең символдық мәнге ие. Наурыз адамдарға ерекше әсер етеді, оларды бір патриоттық сезімге бөлеп, жағымды істерге баулиды. Кез келген уақытта өнер, мейлі ол көркемсурет болсын, опера, поэзия, кино, театр болсын, әрдайым әр адамның өмірінде өмірдің жарқын жақсы жақтарын көруге ықпал жасай отырып, басты орынға ие болады. Өнер адамдарға ең қиын кездерде де өмір сүруге көмектесіп, бейбітшілік пен махаббат жолында күресуге дем берген. Биік өнер жағымды эмоция тудырады және қилы замандарда адамдардың рух шабытын іздейтіндері айғақ.
Бизнес-қауымдастық қазақстандық қоғамның бір бөлігі. Сондықтан бүгінгі таңда көптеген отандық үлкен және шағын компаниялар мен мекемелер мәдени жобаларға инвестиция құю арқылы қазақстандық шығармашылық элитаны жандандыруға қолғабыс жасауда. Инвестиция нысанын таңдау – шығыс өнерінің мұражайын ашу, опера фестивалін өткізу немесе әдеби сайыс жариялау – әр компанияның бұған өз көзқарасы бар. Мәдениетті қолдаудың басты себебі ретінде биік өнердің жастар мен аға буынның бірігуіне жағдай жасау ниетін айтуға болады. Бұл жас буынды еліміздің үздік тарихи дәстүрінде тәрбиелеу мен жеке тұлғаларының қалыптасуы үшін маңызды. Билеттер де қазіргі кезде қымбат, әркімнің қалтасы көтере бермейді. Алайда қазақстандық бизнестің арқасында өнер бұқара қауымға жақындай түсті. Санның сапаға айналатынына қатысты философиялық заң бар. Бизнес бастамасымен жүргізілген немесе оның қатысуының арқасында іске асқан мәдени шаралардың өсуі жайлы жайт, оған қоса жекелей шаралардан біз біртіндеп мәдени ортаның қалыптасуына ауысудамыз. Осылайша, іскерлік құрылымдардың қолдауымен елдің бірқатар қаласында классикалық музыка шеберлерінің концерттері өтті, танымал қазақстандық суретшілердің көркем сурет және графика көрмелері өткізілді. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қазақстандықтардың бірнеше буыны Бибігүл Төлегенованың шығармашылығына тәнті. Бүгінгі таңда оның өнерінің алдында бас июшілер санына «ПетроҚазақстан» компаниясының қызметкерлері де қосылды.
Өткен қайырымдылық концерті түрлі аймақтарда жұмыс істейтін қызметкерлерге отандық және әлемдік музыка өнеріне ортақтасуға мүмкіндік берді. Бір ғана нанмен өмір сүрмейміз дегендей, адамға сұлулыққа ортақтасу, жағымды эмоциялармен сауығу қажет. «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясының Президенті Вэй Юй-сян кеште былай деді:
– Компаниямыз үшін қайырымдылық дәстүрлері біздің өндірістік қызметіміз сияқты маңызды. Жылдан жылға біз компанияның әрекет ету аймақтарындағы өмірді қолайлы, қызықты етуге талпынудамыз. Әлі де қажет ететін салаларды қолдауды жалғастырмақпыз. Бүгінгі шара Наурызды тойлауға арналған және қазақ халқының дәстүрлерін тұту белгісі әрі ұлттық мәдениеттің дамуына қосылған үлес болып табылады, ол сондай-ақ жастарды рухани құндылықтарға баулуға мүмкіндік береді. Компания мәдени мұраны қолдау шеңберінде қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы «Қазақстан: Дәстүрлерді сақтай отырып» атты документалдық фильмнің бастамашысы мен демеушісі. Біз компания қонақтары мен қызметкерлерінің Қазақстанның және әлем деңгейінің бетке ұстар орындаушылары ұсынған биік өнерді тамашалаудан шынайы ләззат алатындарына сенімдіміз. Шын мәнісінде, осындай шаралар игі істерге мұрындық болмақ. «ПетроҚазақстан» әлеуметтік жобаларындағы негізгі басымдықтардың бірі адамдарды мәдени және рухани тұрғыдан байытуға бағытталған шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осы ойды компания вице-президенті Бахытжан Исенғалиев жалғастырады:
– Бибігүл Ахметқызы Төлегенова – елдің мәдени қазынасының асыл маржаны. Сол себептен наурыз мейрамына орай біздің қауымға сылығымыз ретінде – Бибігүл Ахметқызының қатысуымен концерт өткізу шешімін қабылдадық. Ол кісінің берген келісімі біз үшін мәртебе және бұл концерт көктемгі жаңарудың позитивті камертоны болатыны күмәнсіз. Бибігүл Төлегенова баршаның құрметіне лайық адам. Бұл кісі асыра айтпастан нағыз Тұлға. Бибігүл Ахметқызы бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстанның тарихында жарқын іздерін қалдыруда. Көктем, шуақты күн, шабыт мерзімі – адамдардың қазір жасыл саяжолдар бойымен жүргенде сезінетіндері осы ма? Иә! Жаңа өмір, махаббат пен жаңалықтар кезеңі! Наурыз – әр көктемнің тамаша нәрсесінің бастамасы. Концертке барғандардың барлығы осындай көңіл-күйде болды. «ПетроҚазақстан» компаниясының Алматыдағы кеңсесінің қызметкері Индира Бақтыбаева былай деді:
– Біз компанияның әз-Наурыз қарсаңында сүйікті әншіміз Бибігүл Төлегенованың концертін сыйлағанына өте разымыз. Наурызға сай нағыз отбасылық концерт болды. Мен анаммен және қызыммен келдім. Менің қызым да Бибігүл Төлегенованың кім екенін білсе екен, оның көп ұлтты, бай мәдени дәстүрлері бар, бүкіл әлем тәнті болған дарынды шеберлерді дүниеге әкелген Қазақстанда тұратынын мақтан тұтса екен деймін.
Өзінің жарқын әсерімен «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС қызметкері, Ауғанстандағы ардагер-интернационалист Аян Түймебаев та әсерімен бөлісті: – бала кезімнен мен Бибігүл Төлегенованың әндерін сүйіп тыңдайтынмын. Оның туған табиғатқа, қазақ даласына деген сүйіспеншілігі ерекше ықыласпен, рухани сұлулықпен беріледі. Мен сүйікті әншіміз Бибігүл Төлегенованы залда, оркестрмен тыңдағанды армандайтынмын. Наурыз қарсаңында біздің, Шымкент мұнай өңдеу зауыты жұмыскерлерінің жолымыз түсіп, арманы орындалды, мен бақытты жанмын! Концерттік бағдарлама тек қазақстандық қана емес, әлем мәдениетінің музыкасын паш етті. Баға жетпес ләззат алдық! Барлық ұйымдастырушыларға, концертке қатысқан әртістер мен музыканттарға рақмет! Шымкентке келе салысымен біз туған-туыстармен ерекше мақтанышпен міндетті түрде концерттен алған әсерлерімізді бөлісеміз, біз компанияның осындай таланттарға қолдау көрсетіп, біздің ұлттық мәдениетімізге үлес қосуына ортақтастық сезімдеміз.
Бибігүл Төлегенованың сәлем сөзі ду шапалақпен, гүлдермен және жарқын жүздермен қарсы алынды:
– Мен көктем мен құт-береке мейрамы – Наурызға арналған осы кешке қатысқан барлықтарыңызға алғысымды білдіргім келеді! Бүгін мен алғаш көк шөптің жарып шыққандығын көрдім, бұл нағыз жаңару мейрамы. Біз бұрыннан бері ынтымақтастық жүргізіп келе жатқан және бір-бірімізге дос болып үлгерген «ПетроҚазақстан» компаниясына рақмет айтқым келеді. Компания есебінде көптеген игі істер бар, ол ауруларға, балаларға, егде адамдарға көмектесіп келеді. Әрине, компанияның жас таланттарға көрсететін көмегі де аз емес. Шынында да, компанияда мәдениетті қолдауға бағытталған жобалар ерекше орынға ие, олардың бірі Қазақстанның және Орта Азияның танымал суретшілерінің «Күнмен жылынған дала» атты көрмесі болды. Компания сондай-ақ И.Серкебаеваның «Бибігүл Төлегенова: сүю, үміттену және сену» атты әншінің өмірі мен өнер жолындағы еске алулары бойынша жазылған алғаш кітабының бас демеушісі. Жарқын шаралардың бірі «Франция маржандары – Ренессанс дәуірінен біздің заманға дейінгі Франция өнері» атты көрмесі болды.
Наурыз – бейбітшілік, жаңару және келісім мейрамы, жүркетердің әлемге ашылып, жақсылықтың жамандықты жеңіп, ой-сананың ашылатын кезі. Мәңгі жас Наурыз мейрамы барлығымызға күш-қуат беріп, жаңа игі істерге итермелесін. Дәл осы тамаша кезде біз жаңа белестерді өткеруге дайынбыз, махаббатқа ашықпыз және бақыттырақ боламыз. Осы көктем ерекше жайтымен есте қалсын. «Бибігүл Төлегеновамен бірге наурыз» атты керемет концерт көрермендері үшін бұл көктем көпке дейін есте қалмақ.