/**/

Қызылорда облысына ҚМУ (Бейжің қ.) делегациясы ресми сапармен келді

23 шілде күні Қызылорда облысына  Қытай Мұнай Университетінің (Бейжің қ.) президенті, профессор  Чжан Лайбин және халықаралық қатынастар департаментінің директоры, профессор Сунь Суйдун бастаған делегациясы ресми сапармен келді. Іскерлік сапар аясында Қытай Мұнай Университеті мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің басшыларының «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жас мамандары – «ПетроҚазақстан» стипендиялық бағдарламасы бойынша Қытай Мұнай Университетінде оқып білім алған түлектермен кездесуі болды. 

«Дөңгелек стол» басқосуы бейресми және достық ахуалда өтті.  Кездесуді «ПҚҚР» АҚ Басқарма Төрағасы Цинь Хунвэй мырза алғысөзбен ашып, компания тарихы, оның жетістіктері мен болашақтағы даму перспективалары туралы айтып берді.Туған университетіне  мамандыққа баулып қана қоймай, бойларына белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру, адамдармен жұмыс істей білу  дағдыларын сіңіргені үшін, өз өмірлерінің керемет  жылдары – студенттік жылдары мен қол жеткен мансап жетістіктері үшін  Қытай Мұнай Университетінің өткен жылдардағы түлектері – «Геология және геофизика» бөлімінің геофизигі Еркін Үмбетқұлов, ҚАМ к/ш технологы Динара Қахаева, маман-тағылымгер Думан Қасенов, кадр жөніндегі маман Ақжанар Смайлова және басқалары  алғыстарын айтты.

Қытай Мұнай Университетінің Президенті  Чжан Лайбин мырза осы оқу орнының бұрынғы түлектеріне өздері алдына арман-мақсат қойып студент болған сол кездеріндегідей көздеген мақсаттарына талмай ұмтыла берулеріне тілегін білдірді. Қытайлық қонақтың жүрекжарды сөздеріне Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры, профессор Қылышбай Бисеноа өз лебізімен қосылды. Басқарма төрағасының еңбек ресурстары және әкімшілік жөніндегі орынбасары Суфия Даминова Қытай Мұнай Университетінің басшыларына аталған Стипендиялық бағдарлама аясында көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтып, қонақтарға компания атынан естелік сыйлықтар табыс етті. Мағыналы кездесудің соңында қонақтар осы басқосудан ескерткіш болатын суретке түсті.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz