/**/

Қызылорда облысының әлеуметік-экономикалық дамуындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ және Қызылорда облысының Әкімшілігі араcында Қызылорда облысының әлеуметік-экономикалық дамуындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум шарты бойынша аумақтағы маңызды әлеуметтік жобаларға 3 000 000 (үш миллион) АҚШ доллары бөлінбек.

Облыс әкімі серіктестерге көп жылдық ынтымақтастық үшін өзінің ризашылығын білдірді. Компанияның көмегі – жағдайы нашар отбасыларындағы балалардың жоғары білім алуға, жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалуға, соғыс және еңбек ардагерлеріне санитарлы-курорттық ем алуға мүмкіндік беретіндігін әкім аса бағалады. Сонымен қатар мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, коммуналды және ауыл шаруашылығына бағытталған әрекеттер ескерілді.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басшылығының орынбасары Фан Цзячжун облыс әкіміне компания жұмысын қолдағаны үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, соңғы уақытта ауданда жүргізіліп отырған көріктендіру жұмыстары, жолдардың сапасының жақсарту, инфрақұрылымды жөндеу сияқты оң өзгерістерді ерекше ескерді. Осыған қоса, компания бөліп отырған қаражат рационалды ұқсатылып отырғаны, соның ішінде халықтың алдында әлеуметтік міндеттер де орындалып отырғаны айтылды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz