/**/

Қызылорда облысы бойынша 2014 жылға арналған стипендиялық бағдарламасы

“ПетроҚазақстан” компаниясы Қызылорда облысы бойынша 2014 жылға арналған стипендиялық бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдайтын уықыты басталғаны жайлы хабарлайды. Бағдарламада Қызылорда облысында тұрғылықты тұратын, орта білімі бар, 21 жасқа толмаған Қазақстан азаматтарының бакалавр дәрежесін алуға арналған «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша оқу қаралған. 

Стипендиялық бағдарламаға қатысу үшін үміткерлердің:
1. ҚР азаматтығы, Қызылорда облысындағы тұрғылықты тіркелімі;
2. Орта білімі, 2014 жылғы мектеп бітіруді қоса алғанда;
3. Жасы 2014 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 21-ден аспаған;
4. Үлгірімінің орташа балы – 5 балдық жүйе бойынша кемінде 4, 4 балдық бағалау жүйесі (GPA) бойынша кемінде 3.3;
5. Ағылшын тілін жақсы меңгерген деңгейі болуға тиіс.

Қатысу өтінімдерін тапсыруға қажетті түпнұсқа құжаттардың тізімі:
1. Үлгірімді растайтын құжат:
a. 11-сынып оқушылары үшін 10 және 11 сыныптағы үлгірім табелі;
b. Студенттер үшін ресми транскрипт (үлгірім парағы);
2. Жеке куәлік;
3. 3*4 сурет – 2 дана.
4. 2013 жылғы ҰБТ сертификаты (бар болса);
5. Шет тілінен ресми сертификаттары (ағылшын тілінен – TOEFL / IELTS, қытай тілінен – HSK), (бар болса);
6. Қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың дипломдары (бар болса);
7. Қабылдау комиссиясы қажетіне қарай басқа растайтын құжаттарды сұрату құқығын өзінде қалдырады.

Құжаттар 2014 жылғы 12-31 наурызды қоса алған мерзім аралығында сенбі және жексенбіден басқа күндері сағат 08:30-дан 12:30-ға дейін мына мекенжайда қабылданады:
Қызылорда қаласы, «Кәсіподақтар үйі» ғимараты, Әйтеке би көшесі, 17, 3-қабат, 12-кабинет, Қызметкерлерді оқыту және дамыту бөлімі.

Құжаттар қабылдаудың соңғы мерзімі – 31 наурыз, 2014 ж., 12:30-ға дейін.
Анықтама алу телефоны: 8 (7242) 29-93-61, 29-98-71

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz