/**/

Қызылорда-Құмкөл автомобиль жолының құрылысы аяқталды.

Қызылорда-Құмкөл автомобиль жолының құрылысы аяқталды. Ұзындығы 190 км автожолдың құрылысы Құмкөл кен орны игеріле бастаған кезде, 1989 жылы басталған болатын. Құрылысты қаржыландыруды «Оңтүстікқазмұнайгаз» ӨБ (ПҚҚР компаниясының бұрынғы меншік иесі) жүзеге асырған еді. Сол кезде Құмкөл мұнай кентіне дейін 190 км қиыршық тас төселіп, Қызылорда қаласына дейін небары 130 км жолға асфальт төселді. Жолдың 60 км бөлігі қиыршық тас төселген күйінде 15 жыл бойы аяқталмаған қалпында қалды.

Автокөлік қозғалысының қауіпсіздігін жоғарылату, мұнай кен орындарының жолдарындағы апаттық жағдайларды түбірінен жою мақсатында ПҚҚР компаниясының басшылығы құрылысты үлестік қаржыландыру үшін жол пайдаланушылардың барлығының қаражатын тарта отырып, жолға асфальт төсеуді аяқтау туралы шешім қабылдады. Қаржыландыру көлемі: «ПҚҚР» АҚ – 44,9%, «Торғай Петролеум» АҚ – 45,7%, «КОР МК» АҚ – 5,3 пайыз және «Саутс Ойл» ЖШС – 4,1 пайыз. Құрылыстың жобалық құны 4,9 миллиард теңгені құрады.

Құрылысты жүргізуге отандық құрылыс компаниялары “УАД” ЖШС, “Қыран” ЖШС және “Береке-А корпорациясы” АҚ тартылды. Үстіміздегі жылдың ақпан айында басталған құрылыс жұмыстары жер қойнауын пайдаланушылардың өндірістік жұмысына нұқсан келтірместен, сондай-ақ негізгі маршрут бойынша автокөліктің қозғалысын тоқтатпастан жүзеге асырылды.

Жүргізілген құрылыс жұмыстарының нәтижесінде автожолдың осы бөлігіндегі апаттық жағдайлар саны барынша азайды, ал жұмыс көзделген мерзімдерде, бөлінген бюджеттің шеңберінде аяқталды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz