/**/

Құмкөл кен орнының мерейтойы

2011 жылғы 10 қыркүйекте Құмкөл кен орнын игеруді бастағанының 25 жылдығы салтанатты жағдайда атап өтілді. Осы салтанатқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «ҚМГ» ҰК мен CNPC компанияларының басшылығы, Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласы Әкімшіліктерінің өкілдері қатысты. Олар осы салтанатты жиында сөз сөйлеп, Компания басшылығы мен қызметкерлерін мерейтоймен құттықтады.
 
Мерекелік іс-шара құны 150 мың АҚШ доллары тұратын медициналық жабдықты таныстырумен және оны облыстық балалар ауруханасына тапсырумен, сондай-ақ Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облысының әмбебап кітапханасында суретшілердің республикалық көрмесін өткізумен басталды. Осы мерекеге арнап Қызылорда қаласы тұрғындары үшін қаланың орталық алаңында қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының концерті ұйымдастырылды.
 
Мерекенің ресми бөлігінде қонақтар мен компанияның қызметкерлері үшін «Құмкөлдің қара алтыны» атты деректі фильм мен ерекше мұрағаттық кадрлар мен ерекше түсірілген суреттер және Құмкөл кен орнында әр уақытта жұмыс істеген және осы кен орынды қазіргідей жағдайға жеткізген адамдардың естеліктері бар «Құмкөлге – 25 жыл» деген кітап көрсетілді. Мерекенің салтанатты бөлігінде компанияның ардагерлері мен компанияға еңбегі сіңген қызметкерлер «Құмкөл кен орнына 25 жыл» медалімен, сондай-ақ Мұнай және Газ министрлігінің, «ҚМГ» ҰК, «ҚМГ» ӨБ компанияларының алғыс хаттарымен марапатталды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz