/**/

Құмкөл к/ш энергия жүйесін жетілдіру

Құмкөл к/ш энергия жүйесін жетілдіру бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың шілде айында «Күрделі құрылыс»  бөлімі мердігер компания –  «КРЭК» АҚ және ТҚКБ пайдалану жөнінде персоналымен бірлесіп 6кВ кәбіл желілерін жаңа «Құмкөл-4» КС мен «Құмкөл-5» КС-на қайта жалғау бойынша жұмыстарды аяқтады. 

«Құмкөл кенішін электрмен қамтудың энергия жүйесін қайта құру» жобасын жүзеге асырудың нәтижесінде  өндірістік мұнай объектілеріндегі  электр энергиясының жетіспеушілігін түбегейлі шешуге ықпал ететін «Құмкөл-1» КС қызметін әлдеқайда жеңілдетіп, энергияға тәуелділікті айтарлықтай төмендетуге қол жеткізілді. Мұнан басқа электр энергиясын тарату жүйесін жақсартуға,  бірінші орында  – Құмкөл к/ш өндіру объектілері үшін, мүмкіндік туды. Бұған дейін Құмкөл кеніші тұтасымен (Шығыс Құмкөл к/ш басқа)  «ЖРЭК» АҚ тиесілі, 25 жыл бұрын салынған қолданыстағы Құмкөл-1 КС-на тәуелді болып келді. Енді қазіргі күні «ПҚҚР» АҚ-да Компанияның өзіне тиесілі екі жаңа кіші станция бар. Осылайша, «ПҚҚР» АҚ өндіру объектілерін 3-жақтың, бұл ретте  «ЖРЭК» АҚ-ның, электр энергиясын тарату жүйесіне тәуелділікті бәсеңдетті. Жобаны жүзеге асыру барысында екі кіші станция – «Құмкөл-4» КС және «Құмкөл-5» КС салынып,   110 кВ ӘЖ – «Құмкөл-4» КС-на, 110 кВ ӘЖ – «Құмкөл-5» КС-на енгізілді, 6 кВ ӘЖ – 6 кВ желілері жаңа «Құмкөл-4» КС-на,  6 кВ ӘЖ – 6 кВ желілері жаңа «Құмкөл-5» КС-на қайта жалғанды.  


-Жоба әкелген табыс – біздің компания мен мердігер ұйымдар: жобалау институттары, құрылыс ұйымдары, электр желілері компанияларының командалық тынымсыз жұмысының дәлелі, – деп атап өтті «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Басқарма Төрағасы Цинь Хунвэй.  – Құмкөл кенішін электрмен қамту жүйесін жетілдіру жолында жүргізілген жұмыстар  бұл команданың кәсіби деңгейі мен әлеуеті ең қиын кедергілерді жеңуге, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге және компанияның бұдан әрі де табысты өрлеуі үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға жол ашатынын тағы да дәлелдеді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz