/**/

Өндірістік қауіпсіздік – ең бастысы

Қаңтардың басында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің зауыттық мәслихат-залында өткен жыл бойынша «ПҚОП» ЖШС мердігер ұйымдарының арасында еңбек қорғау бойынша байқау-конкурсының қорытындысы шығарылды. Бұл дәстүрлі іс-шара. Ол «ПҚОП» ЖШС Еңбек, Қауіпсіздік және Экология Қорғау Департаментімен жыл сайын жүргізіледі. «ПҚОП» ЖШС-нің өндіріс бойынша Вице-президенті Цзян Ши байқау-конкурсын жүргізу дәстүрге айналғанын атап айтты. Бақылаудың осы түрі зауыттағы мердігер ұйымдарға іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесін береді, кейінгі жұмыс барысында жағымсыз жағдайлардан аулақ болу үшін қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау ережелерін сақтаудағы жағдайларды талдауға мүмкіндік береді. Цзян Ши өз атынан және ПҚОП» ЖШС-нің коммерция бойынша вице-президенті А.3. Тұрысбековтың атынан конкурстың барлық жеңімпаздарын құттықтады және өткен 2011 жылы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС жылына 4,6 млн. мұнай өндіріп, соңғы 18 жыл ішінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгенін айрықша баса айтты. Қазір зауытты жаңғырту бойынша асығыстығы орташа жұмыс жоспары орындалуда. Келешекте оның шеңберінде зауыт қауіпсіздік техникасы, жұмыстағы сенімділік, жоғарғы көрсеткіштерге жетудегі мәселелер бойынша мәрдігер ұйымдармен жұмыс істейтін болады.


/И. Ставринаки/

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz