/**/

Өрт қауіпсіздігі бойынша конкурс

Құмкөл кенішінде «Өртті сөндіргеннен гөрі, оның алдын алған оңайырақ» ұранымен өрт қауіпсіздігі бойынша конкурс өтті

 «ПҚҚР» АҚ қызметкерлерінің өрт-техникалық білімдерін жетілдіре түсу мақсатында, өрттен қорғау күні, 2013 жылдың 17 сәуірінде Құмкөл мұнай кенішінде  « Өртті сөндіргеннен гөрі, оның алдын алған оңайырақ » атты өрт қауіпсіздігі бойынша конкурс болып өтті.

Конкурста 13  команда жарысты, ол бес кезеңнен құралды:

 Шартты түрдегі өртті өрт сөндіргішпен сөндіру. Эстафета (3 х 50м=150м.)

    Барлық қатысушылар 50 м. болатын кезеңді жүгіріп өтеді, ондағы үшінші қатысушы мәреге жеткенде ұнтақты өрт сөндіргіштің көмегімен жанып жатқан жалынды сөндіреді.

• Шартты түрдегі өртті өрт кранынан сөндіру. Старт белгісі берілген соң команда қатысушылары Ø 51мм. Өрт сөндіру жеңін қос қатпарлы етіп бүктеп орауға, содан кейін бір ұшын өрт кранына, ал екіншісін оқпанға жалғауға және шартты түрдегі өртке су жібере отырып ұзына бойына төсеуге тиіс. 

 Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын білу. Әрбір қатысушы бір сұрақ жазылған билетті суырады және 2 минут ішінде жауап береді.

• Бөлімшелердегі өрт қауіпсіздігі мәселелерінде жақсара түсу перспективаларын көре білу. Үй дайындамасы. Команда өзінің көріп-білуіне сүйене отырып, цехтың/объектінің өрт қауіпсіздігіне күнілгері жүргізілген талдаудың негізінде қазылар алқасының қарауына оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге тиіс.

• Өртке қарсы қауіпсіздік тақырыбына арналған шығармашылық кезең. Көріністер көрсету, өртке қарсы тақырыпқа байланысты әндер орындау немесе өмірден алынған жағдайларды айтып беру. 

Конкурс командалардың қызғылықты да тартысты текетіресімен болып өтті, онда олардың әрқайсысы да өрт қауіпсіздігі талаптарын жақсы білетіндігін және өрт сөндіру құралдарын пайдаланудағы ептілігін танытты.

Бірінші кезең бойынша практикалық жаттығуды орындауда Мұнай және газ өндіру цехының командасы тәуір нәтиже көрсетті (33, 39 секунд), ол көпшілік алдындағы көрнекілік жүгіру барысында өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерінен аз ғана уақытқа қалып қойды  (27,13). 

Тағы осы сияқты практикалық екінші кезеңде Бас сорғы-айдау станциясының командасына тең келер ешкім болмады. 

Бұдан кейінгі үш теориялық кезеңдегі командалардың өнер көрсетуін құрамы үш адамнан тұратын қазылар алқасы 0-ден 5 баллға дейінгі аралықта бағалады.

Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары бойынша өз білімдерін танытуда (үшінші, төртінші  және бесінші кезеңдерде) әрқайсысы мүмкін боларлық ең жоғары баллдарды жинаған Қамтамасыз ету қызметінің және Мұнайды дайындау мен айдау цехының командалары үздік шықты.  

Дегенмен, кез келген жарыстарда бір ғана жеңімпаздың болатындығы сияқты, бұл конкурста да оның өз көшбастаушылары мен жүлдегерлері анықталды.

Конкурстың бес кезеңінің жалпы нәтижесі бойынша баллдардың анағұрлым көп санына ие бола отырып (118) бірінші орынды және ауыспалы кубокты Бас сорғы-айдау станциясының командасы жеңіп алды, оның құрамында сорғы станциясының 5-разрядты операторы Ғ. Ыбырай, Г., 4-разрядты желілік құбыр өткізуші Р. Жәмішев және 5-разрядты БӨАжА слесары Ж. Дағаров жарысқа түсті.

Жеңімпаздан бір баллға (117) қалып қойған инженер-технолог Н. Асановтан, технолог А. Райымбековтен және Мұнай есебін жүргізудің коммерциялық торабының  БӨАжА инженері Р. Қадырғалеевтен құралған Технологиялық топ командасы екінші орынға шықты.

112 баллмен тұғырға көтерілген құрметті  үшінші орын лайықты түрде құрамында бас инженер Қ. Досмұхамбетов, сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының  3-разрядты  операторлары  Ж. Әбжелелов пен В. Аникин сайысқан Мұнай дайындау және айдау цехының командасына бұйырды.

Көшбасшылық үшін күрестің қызу жүргендігі туралы күштілер бестігінің жинаған баллдарының еселене түскен көрсеткіші айғақтайды. Осылайша, 4-ші орын алған (Мұнай және газ өндіру цехы) және 5-ші орын алған (Қамтамасыз ету қызметі) командалардың арасындағы баллдардың айырмасы бар болғаны бір ғана баллды құрап, нәтижеде тиісінше 111 және 110 болды.

Жеңімпаз бен жүлдегерлерді бағалы жүлделермен, грамоталармен және әрбір орын үшін тақырыптық кубоктармен марапаттау рәсімін қазылар алқасының төрағасы / кеніштерді пайдалану жөніндегі директор Брюс Андерсон, және қазылар алқасының мүшесі Қызылорда облысы бойынша ТЖД-нің анықтау бөлімінің бастығы Маисжан Ибрашев, сондай-ақ  «Қызылорда облысы бойынша өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Нұрсұлтан Ибрагимов жүргізді.

Шақырылған облыстық ТЖД өкілдерінің қазылар алқасының жұмысына қатысуы және іс-шараның осыншалықты ауқымда өткізілуі «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ының қызметкерлер өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі мәселелерінде өзінің стратегиялық саясатын ұстанатындығын тағы бір айғақтады.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz