Бүгінгі біздің кейіпкеріміз – «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС (ПКОП) бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика цехының аспапшысы Кирилл Егунов.
22 жастағы маман Шымкент МӨЗ-інде жұмысын 2022 жылы Оңтүстік Қазақстан Политехникалық колледжін бітіргеннен кейін бастады. Ол технологиялық процестерді автоматтандыру негіздерін зерттеді.
Бүгінгі таңда кәсіпорынның апатсыз және тұрақты жұмысы осы цехтың қызметкерлеріне байланысты. Кирилл осындай үлкен өндірісте жұмыс істейтінін және мұнай өңдеу саласының дамуына үлес қосатынын мақтан тұтады.
Цифрландыру дәуірінде жас маманның атқаратын жұмысы үздіксіз оқуды және дағдыларды үнемі жетілдіруді қажет етеді.
ҚазМұнайГаз