/**/

2008 жылдың нәтижелері

МҰНАЙ ӨНДІРУ БӨЛІМШЕСІ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ШОЛУЫ*

Барлау және бағалау

2008 жылы компания 22 барлау мен бағалау ұңғымаларын бұрғылап шықты. Оның ішінде, сынау кезінде өндірістік мұнай ағыны алынып, тағы 3 ұңғыманы сынау жұмыстары жоспарлануда.

Барлау кезінде «Восточный Дощан» кеңістігінде өндірістік мұнай ағыны алынып, Қаратау континентаралық тектоникалық жігінің шығыс бетінде жаңа кендердің бар екені расталып отыр. Қазіргі кезде компания «Восточный Дощан» кеңістігінің шикі мұнай мен ерітілген газ қорын есептеуде.

2008 жылы 1057 лицензиялық кеңістігінде және Қарағанды блогындағы ұңғымада өндірістік мұнай ағынын сынау жұмысы сәтті өтті.

2Д және 3Д сейсмикалық деректері бойынша 2008 жылы орындалған сейсмикалық барлау жұмыстарының жалпы көлемі 1700 погондық және 950 шаршы километр құрады.

2008 жылы Құмкөл, Арысқұм және Қызылқия кен орындарының қорлары қайта есептелді. Құмкөл мен Қызылқия кен орындарының қорларын қайта есептеу баяндамалары Мемлекеттік қор комитетінде (МҚК) бекітілді. Бекітілген қорлар есебі негізінде Құмкөл мен Қызылқия кен орындарын өңдеу жөніндегі анықталған жобалау құжаттарын дайындау жұмыстары басталды.   

Кен орындар мен лицензиялық территориялар

2008 жылы Тұзкөл кен орнын сынақ пайдалану Жобасы дайындалып бақылау органдарымен келісілді. Жобалау құжаты Орталық өңдеу комитетімен (ОӨК) бекітілді және 2009 жылда жүзеге асырылады.

2008 жылы Дощан кен орнының қоры жылдам түрде есептеліп, барлау жұмыстары басталды.

Мұнай шығару

2008 жылы ПетроҚазақстан Инк. компаниясының (оның ішінде, ПҚҚР, «Қазгермұнай» БК мен «Тургай Петролеум» БК компанияларындағы 50% үлестері) жалпы мұнай шығару көлемі 6,392 млн. тонна (49,515 млн. баррель) құрады.

Газды пайдаға асыру жобалары

2008 жылы Арысқұм мен Қызылқия кен орындарында газды пайдаға асыру нысандары іске қосылды: Құмкөл кен орнында газды айдау, Қызылқия кен орнынан Арысқұм кен орнына газды тасымалдау жүйесі және Арысқұм кен орнында газды айдау жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, Майбұлақ кен орнында газды пайдаға асыру жобалары бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталды. 2009 жылдың басында мемлекеттік комиссясымен нысан пайдалануға қабылданды.

Құмкөл кен орнындағы газды жинақтау жұйесінің бес учаскесінің екеуінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуда. Қалған үш учаскесінде құрылыс-монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында аяқталады деп күтілуде.

Газды пайдаға асыру бағдарламасын бірінші болып бастаған ПетроҚазақстан компаниясы 2009 жылдың бірінші жартысында газды пайдаға асыру жұмыстарын аяқтауды, яғни өз мойнына алған міндеттемелерін толық орындауды, жоспарлап отыр.

БІРІККЕН КӘСІПОРЫНДАР

2008 жылы Біріккен кәсіпорындардың мұнай шығару көлемі бюджеттік деңгейге жетті.

МҰНАЙ ӨҢДЕУ БӨЛІМШЕСІ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ШОЛУЫ**

Мұнай өңдеу

Мемлекеттік органдары және негізгі мұнай мен мұнай өнімдері қорларының иелері және мұнай өнімдерін өндірушілер арасында жасалған ішкі нарықты қамтамасыз ету жөніндегі Меморандумды орындауға қатысу барысында 2008 жылы компания ПҚҚР қорынан Шымкент мұнай өңдеу зауытына өңдеуге 2 миллион тонна мұнай жеткізді. Барлығы, өңдеу жоспары бойынша 4,100 миллион тонна (31,76 миллион баррель) өңдеу қарастырылса, Шымкент мұнай өңдеу зауыты өткен жылы 4,308 миллион тонна (33,37 миллион баррель) мұнай өңдеді. 2007 жылда өңделген 4,060 миллион тонна (31,45 миллион баррель) көрсеткішімен салыстырғанда, өңдеу көлемі 6,1% жоғары болды.

Республикадағы әуекомпаниялар, әуежайлар және негізгі мұнай мен мұнай өнімдері қорларының иелері және мұнай өнімдерін шығарушылар арасындағы ішкі нарықты авиациялық керосинмен қамтамасыз етудің серіктестік жөніндегі Меморандумын жүзеге асыруға қатысу нәтижесінде 2008 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауыты рекордтық 275 мың тонна авиациялық керосин шығарып, 2007 жылдың көрсеткішінен 72% асырды. 2007 жылы жалпы бензин көлемінде жоғары октанды бензиннің көлемі 56,5% болса, 2008 жылы шығарылған бензиннің жалпы көлемінде жоғары октанды бензиннің үлесі 59,32% құрады.

2008 жылдың 5 қазанынан 5 қарашасына дейін мұнай өңдеу зауыты жоспарланған күрделі жөндеуге тоқтатылып, оның барлық өндіріс нысандары жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар, дизель отынын парафинсіздендіру катализаторын регенерациялау, түсіру, нығыздап тиеу, ЦК-201 компрессордың турбинасын жөндеу, технологиялық пештердің ішкі қабырғасы мен жылан түтіктерін жөндеу және К-102 колоннасының қорғаныс қабатын жөндеу жұмыстары орындалды. Дизель отынын парафинсіздендіру катализаторы 4 жыл бойы регенерациясыз қолданылған, ал жалпы жұмыс мерзімі рекордтық 10 жылға жетті.

Барлық жөндеу жұмыстары мен инвестициялық жобалар зауыттың жұмысын жақсартуға және зауттың келешек сапалы және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін оның жабдықтары жұмысының сенімділігін жоғарылатуға бағытталған.

МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ТРАНСПОРТИРОВКА БӨЛІМШЕСІ

2008 жылы Атасу-Алашанькоу құбырымен ПҚҚР қорларынан Қытайға мұнай жеткізу көлемі 3,1% көтерілді. 2007 жылмен салыстырғанда мұнайды экспорттық сатудан шыққан пайда 40% өсті. Компания мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу мен таратуын, мұнай өнімдерінің экспорттық маршруттарын және мұнай өнімдерін сату құрылымын оңтайландыруды жалғастыруда.

Өткен жылы ПетроҚазақстан сауда үйі ішкі нарыққа 1,3 миллион тонна, ал экспортқа 577 мың тонна мұнай өнімдерін сатты.

Жыл сайын ПетроҚазақстан компаниясы көктемгі және күзгі егін жұмыстары кезінде ауыл шаруашылық өндірушілерді арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету бағдарламасына қатысады. Соңғы екі жыл ішінде ғана еліміздің аграрлық секторына бекітілген женілдік бағамен 224 мың тоннадан астам дизель отыны қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, әр жылыту кезеңінде компания әлеуметтік-өндіріс нысандарына жеңілдік бағамен мазут жеткізіп тұрады. Соңғы екі жыл ішінде ғана осы мақсаттарға 72 мың тонна қамтамасыз етілді.

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

2008 жылы компания қауіпсіздік техникасы саласындағы білімділікке аса назар аударды. Нәтижесінде, жол-көлік апаттары 66,6% төмендеді (48-ден 16-ға дейін), ал жұмыс уақытын жоғалту уақиғалары 50% төмендеді (16-дан 8-ге дейін).

ПетроҚазақстан сауда үйінің мұнай базаларында өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту үшін «Синтез» мұнай базасында және УМР-де автоматты көбікті өрт сөндіру жүйелерін орнату аяқталды. Бұл жобалар бойынша жұмсалған қаражаттың жалпы көлемі шамамен 80 миллион теңгеге теңейді.

Компанияның мұнай өндіру бөлімшесінде сұйық төмен-радиоактивті қалдықтарды пайдаға асыру және радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау учаскесін қайта құру жұмыстары сәтті аяқталды. 2008 жылдың тамызында көлемі 4,2 гектар жерді рекультивациялау және Құмкөл кен орнындағы 2079 ұңғыма аумағында сақталған 20 000 м3 ластанған жерді тазартудың үш жылдық жұмыстары аяқталды. ПҚҚР-де енгізілген қосымша тазарту технологиясы қоршаған ортаға келтірілген әсерді бағалап, жерді тазарту көлемін жылына 15 000 м3 дейін жеткізді.

2008 жылы компанияның мұнай өңдеу бөлімшесі ISO 14001:2004 «Экологиялық басқарушылық жүйелері» халықаралық стандарты бойынша мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау және сақтау стандартының талаптарына сәйкес экологиялық басқарушылық жүйесіне сәйкестік сертификатын алды. 2008 жылы табиғатты қорғау жөніндегі бақылау органдары ПҚОП компаниясында бір де бір экологиялық заң бұзушылық тіркемеген.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР

ПетроҚазақстан Қазақстандағы әлеуметтік және қайырымдылық жобалардың ең үлкен демеушілердің бірі болып табылады. Өткен жылдың ішінде ғана компанияның әлеуметтік салаға бөлген қаржылары 7 миллион АҚШ доллардан астам болды.

Компанияның мұнай шығару бөлімшесі елдің әлеуметтік жауапкершілігі ең жоғары кәсіпорны деген Қазақстан Президентінің «Парыз» сыйлығымен марапатталды.

Компанияның мұнай шығару бөлімшесі «Алтын жүрек» деп аталған республикалық қайырымдылық сыйлығының лауреаты болды.

Өткен жылы компанияның сыртқы веб-сайты қайта жұмыс істей бастады.

«ПетроҚазақстан» – тігінен интеграцияланған «Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясы» мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының иелігіндегі компания болып табылады. Компанияның қызмет аясына мұнай мен газды сатып алу, барлау, өңдеу және шығару, сонымен қатар, мұнайды өңдеу және мұнай мен мұнай өнімдерін сату жұмыстары кіреді.


* ПҚҚР, ПҚVI, Көлжан келісім-шарт территориялары кіреді.

** Қызметтер техникалық және материалды-техникалық қолдау жөніндегі Келісім негізінде көрсетіледі.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz