/**/

2009 жылдың нәтижелері

ӨНДІРУШІ БӨЛІМШЕНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ШОЛУ *

Барлау және өндіру


2009 жылы компания 16 барлау және бағалау ұңғымаларын қазды, оның ішінде 12 ұңғымадан мұнайдың өнеркәсіптік ағыны алынды. Геологиялық барлау жұмыстарының шеңберінде 1928 лицензиялық алаңында, Қарабұлақ-1 ұңғымасынан тәулігіне 37 м3 дебитпен мұнай атқылады. Кемер-3 ұңғымасында қатты гидрологиялық жолмен жарудың нәтижесінде тәулігіне 4 м3 мұнай алынды, бұл – лицензиялық алаңның шығыс жақ бөлігіндегі мұнай өндіру іске асырылған алғашқы ұңғыма. 1057 лицензиялық алаңында, Тұзкөл-18 ұңғымасында сулану дәрежесі 45 % болғанда тәулігіне 55 м3 дебиттік мұнай ағыны алынды, бұл борлы шөгінділерден мұнай алынған алғышқы ұңғыма. 951 лицензиялық алаңында, Досжан-18 ұңғымасында тәулігіне 30 м3 үзік-үзік атқылаған мұнай алынды. Арысқұм кен орнында, Арысқұм-407 ұңғымасында Қарағансай қабатының таужыныстарының юралық шөгінділерінен тәулігіне 76 м3 дебиттік мұнай ағыны алынды.


2Д және 3Д сейсмикалық барлаудың жалпы көлемі 2009 жылы тиісінше 80 км2 және 388 км2 құрады. Іске асырылған барлау жұмыстарының нәтижесінде Қызылқия кен орнының оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде жаңа кеніш ашылды.


     2009 жылы «ПетроҚазақстан Инк.» (соның ішінде ПҚҚР, «Қазгермұнай» БК мен «Торғай Петролеум» бірлескен кәсіпорнындағы 50% үлес) өндірген мұнайдың жалпы көлемі 6,2 млн тоннаны (48,6 млн баррель) құрады. Күрделі ауа райы жағдайлары мен экономикалық дағдарысқа қарамастан, 2009 жылы «ПетроҚазақстан» компаниялар тобының мұнай өндіру жоспары толық көлемде орындалды.

Компанияның кен орындарында газды пайдаға жарату бойынша жобалар (ГПЖ)


Құмкөл кен орнында 2009 жылы ГПЖ іске асыру шеңберінде Құмкөл кен орнындағы газ қуаттылығы 55 МВт газ-турбиналы қондырғыда (ГТҚ) электр энергиясын өндіру үшін ішінара пайдаға жаратылды, қалдығы өнімділігі тәулігіне 140 мың.м3 құрайтын компрессормен қатқа кері айдалады. ГПЖ II кезеңінің нысандарын іске пайдалануға енгізу Құмкөл кен орнындағы газдың толық пайдаға жаратылуын қамтамасыз етті. 2009 жылы төселген газ құбырларының жалпы ұзындығы 15197,0 метрді құрады.


Қызылқия кен орнында өндірілетін газ одан кейін пайдаға жаратылу үшін Арысқұм кен орнына қотарылды. Арысқұм кен орнының газ айдайтын жүйесі арқылы Арысқұм мен Қызылқия кен орындарында өндірілген газды қуаттылығы тәулігіне 854 мың м3 құрайтын компрессорлық қондырғы арқылы айдау, сондай-ақ қуаттылығы 6 МВт газ электр станциясында пайдаға жарату жүзеге асырылды. 2009 жылы аталған газ электр станциясында әрқайсысының қуаттылығы 3 МВт қосымша 2 блокты құрастыру бойынша жұмыс басталды.


2009 жылдың басында Майбұлақ кен орнында жиынтық тұтыну көлемі жылына 2,63 млн.м3 газды құрайтын, электр энергиясын өндіретін газ-поршеньді электр станциясының құрылысы аяқталып, іске пайдалануға енгізу ісі жүзеге асырылды. Электр станциясында әрқайсының қуаттылығы 893 кВт екі газ генераторы орнатылған. Сондай-ақ 2009 жылы Майбұлақ кен орнында жер қабатына жылына 9,2 млн.м3 газ айдайтын жүйе салынды.


Қазақстанда газды пайдаға жарату бағдарламасын алғашқылардың бірі болып бастап, «ПетроҚазақстан» компаниясы ГПЖ бағдарламасын аяқтап, өзіне қабылдаған міндеттемелерін толық орындап шықты.

              ӨҢДЕУШІ БӨЛІМШЕНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ШОЛУ**

2009 жылы компания Шымкент мұнай зауытында өңдеу үшін 2 миллион тонна мұнай жеткізді. Өткен жылы Шымкент мұнай зауытында 4,007 млн тонна (31,04 млн. баррель) мұнай  өңделді. Шығарылатын бензиннің жалпы көлеміндегі жоғары октанды бензиндердің үлесі 56,62% болды, авиациялық керосиннің үлесі 5,99%-ды құрады. 


Қазақстанның оңтүстігіндегі жағар-жанар май нарығындағы ширыққан жағдайды бәсеңдету мақсатында ПҚОП компаниясының бастамасы бойынша Шымкент мұнай зауытын жыл сайынғы жоспарлы жөндеу 2009 жылғы 1 қазаннан 20 қазанға ауыстырылды. Бұл орайда жоспарланған жөндеу жұмыстары Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен келісілген мерзімнен ерте аяқталды.


Барлық жөндеу жұмыстары мен инвестициялық жобалар зауыттың қызметін жақсартуға және мұнай өңдеу зауытының сапалы әрі іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін оның жабдығының сенімділігін арттыруға бағытталды. 2009 жылға қойылған өндірістік міндеттер толық көлемде орындалды.

МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ШОЛУ


          
Мұнайды және мұнай өнімдерін ішкі нарыққа, сондай-ақ экспортқа жоспарлы түрде жеткізу ісі жалғастырылды. Өткен жылы «ПетроҚазақстан» Сауда Үйі 1,9 млн тоннадан астам мұнай өнімдерін, соның ішінде оның 1,24 млн тоннасын ішкі нарықта сатып өткізді, және 704 мың тонна мұнай өнімдері экспортқа шығарылды.


«ПетроҚазақстан» компаниясы көктемгі және күзгі дала жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді арзандатылған дизельдік отынмен қамтамасыз ету бағдарламасына жыл сайын ат салысады. 2009 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жеңілдікті бағалар бойынша 118 мың тоннаға жуық дизельдік отын тиеп жөнелтілді. Сонымен қатар 2009 жылғы жылыту маусымында компания қалыптасқан дәстүр бойынша аймақтың әлеуметтік-өндірістік нысандарына арнайы жеңілдетілген бағамен 5 мың тонна мазутты тиеп жөнелтті.

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ 2009


ПетроҚазақстан компаниясының өнеркәсіп қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым міндеттері қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, компанияның қызметкерлерінің және компанияның өндірістік нысандары жұмыс істейтін аудандарда тұратын халықтың денсаулығын қорғау болып табылады. Осы мақсаттарда компанияның бөлімшелерінде халықаралық стандарттар ендірілді:  ISO 14001:2004 экологиялық менеджменті стандарты 2008 жылы ПҚОП компаниясында, ал 2009 жылы  ПҚОСИ компаниясында, сондай-ақ маркетинг және тасымалдау нысандарында табысты ендірілді.  OHSAS 18001:2007 еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі менеджменті стандарты ПҚОСИ, ПҚОП және ПҚСҮ бөлімшелерінде ендірілді. ҚТ және ДЕҚОҚ саласындағы 2009 жылғы негізгі жетістіктер:


Мұнай өндіру бөлімшесі


ПҚҚР Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды басқару жүйесі әзірленді, оған қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша барлық қажетті ережелер, процедуралар мен нұсқаулықтар кіреді.
ПҚҚР нысандарының өнеркәсіптік қауіпсіздігінің мағлұмдамасы әзірленді.
2008-2009 жылдары іске пайдалануға енгізілген өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау іске асырылды.
Әлсіз радиобелсенді қалдықтарды сақтау алаңын қайта құру аяқталды. Қызылорда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті нысанның санитарлық төлқұжатын берді.
Әлсіз радиобелсенді сұйық қалдықтар, соның ішінде өткен жылдардан қалған қалдықтар түгелдей пайдаға жаратылды.
Майбұлақ кен орнында ГТҚ іске пайдалануға берілді, және де сол арқылы осы кен орнында газды пайдаға жарату бағдарламасы аяқталды.
Арысқұм кен орнында шаруашылық-тұрмыстық ақаба суларды тазарту бойынша биологиялық тоғандардың құрылысы аяқталды; қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигонның құрылысы аяқталды.


Мұнай өңдеу бөлімшесі 


 Қазаға әкелетін жазатайым оқиғалар және ауыр салдарларға соқтыратын жазатайым оқиғалар бойынша, сондай-ақ ірі төтенше жағдайлар, өрттер мен елеулі экологиялық жайттар бойынша нөлдік көрсеткіштер. 
 Жыл бойы ПҚОП компаниясында және мердігерлік ұйымдарда жол-көлік оқиғаларының, тұтану мен өрт шығу жағдайларының болмауы.
 OHSAS 18001:2007 қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесін ендіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Сыртқы халықаралық аудитордың оң мәнді қорытындысы алынды.
 ҚР Үкіметінің Көксарай контррегуляторының құрылысын салу туралы Қаулысына байланысты Ақдала буландырғыш тоғанын ауыстырған кезде, жаңа буландырғыш тоған салынды. Жұмыс комиссиясының кесімі бойынша нысан іске пайдалануға қабылданды.
 Табиғат қорғау шараларының жоспары 370,9 млн. теңге сомасына орындалды, ал жоспарлы сома 295,1 млн.теңге болатын.

Маркетинг және тасымалдау бөлімшелері


 «ПетроҚазақстан» компаниясы мен мердігерлік ұйымдардың жұмыскерлерімен жазатайым жайттар мен оқиғалардың болмауы.
 OHSAS 18001:2007 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және ISO14001:2004 қоршаған ортаны қорғау менеджменті жүйесін ендіру бойынша жұмыс жүргізілді. Халықаралық үлгідегі сәйкестік сертификаттары алынды.

СЕРТИФИКАТТАР МЕН МАРАПАТТАР 2009

ПҚОП бөлімшесі «Мұнайды және мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау және сақтау» саласында OHSAS 18001:2007 еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатын алды.


 ПҚОСИ және ПҚСҮ бөлімшелері «Корпоративтік басқару. Ресурстармен қамтамасыз ету. Мұнай маркетингі және тасымалдау» саласында OHSAS 18001:2007 еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатын және ISO 14001:2004 экологиялық менеджмент жүйесіне сәйкестік сертификатын алды.


2009 жылы «ПетроҚазақстан» компаниясының 1 қызметкері «Құрмет» орденімен, 1 қызметкер – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің алғыс хатымен, 5 қызметкер – ЭМРМ құрмет  грамоталарымен, 1 қызметкер – ҚР Кәсіподақтар Федерациясының құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан мұнайының 110 жылдық мерейтойының құрметіне «ПетроҚазақстан» компаниясының 16 қызметкері құрмет грамоталарымен, 15 қызметкер – алғыс хаттармен және 5 қызметкер – «ҚазЭнерджи» Қауымдастығының медальдарымен марапатталды.

ПҚҚР бөлімшесі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың марапатын – «Ең үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын» номинациясында «Парыз 2008» күміс марапатын иеленді. Бөлімше 2008 жылы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық қоғамдық байқаудың «Үздік ұйым, кәсіпорын» номинациясында; 2009 жылы – мұнай-газ саласындағы «Алтын Прометей» сыйлығы – «Үздік экологиялық бағдарлама» номинациясында жеңімпаздардың қатарына кірді.


Осылайша, компанияның жетістіктері мемлекеттік деңгейде тиісінше жоғары бағасын алды.

                     ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМДАР 2009

Дәстүр бойынша 2009 жылы Қызылорда облыстық әкімдігі мен «ПҚҚР» АҚ арасында 450 млн теңге сомасына Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумға қосымша 2009 жылы ПҚҚР компаниясы Қызылорда облысындағы әлеуметтік жобаларға 161 млн теңгеден астам қаражат құйды.


Сондай-ақ ОҚО әкімдігі мен ПҚОП компаниясы арасында аймаққа қолдау көрсету мақсатында 150 млн теңгеге жыл сайынғы Меморандум жасалды. Сонымен бірге ПҚОП компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысына әлеуметтік сипаттағы шараларға шамамен 50 миллион теңге қаражат бөлді.


Дарынды жастарға қолдау көрсету бойынша «ПетроҚазақстан» Стипендиялық бағдарламасын іске асыру ісі жалғастырылды. 2009 жылы конкурстың нәтижелері бойынша 13 адам Қытайдағы Мұнай және газ институтында және Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарында оқуға гранттар алды.


Әлеуметтік жауапкершілік бойынша қабылданған барлық міндеттемелер толық көлемде әрі белгіленген мерзімдерде орындалды

.
 _____________________________________________________________________________

 «ПетроҚазақстан» «Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясының», сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының иелігіндегі тігінен біріктірілген мұнай-газ тобы болып табылады, ол мұнай мен газды сатып алумен, барлаумен, қазбалаумен және өндірумен, сондай-ақ мұнайды өңдеумен және мұнай мен мұнай өнімдерін сатумен айналысады.

* ПҚҚР АҚ, PKVI, Көлжан, SSM Oil, Ориент Петролеум келісімшарттық аумақтары кіргізілді
** Техникалық-қаржылық қызметтер көрсету және материалдық-техникалық жабдықтау туралы келісім арқылы бақыланады

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz