/**/

2010ж. қызметінің нәтижелері жайлы

БАРЛАУ МЕН ӨНДІРУ
Компания Оңтүстік Торғай алабында геологиялық барлау жұмыстарының біртұтас кешенің жүзеге асырады. Осы өңірде әлеуетті қорлары бар (оларда 2Д және 3Д сейсмикасы мен іздестіру бұрғылауы жүргізіледі) және өндіруге алдын ала даярланған едәуір аймақтар орналасқан. Соңғы жылдары ішінде компания аймақтағы геологиялық барлау жұмыстарының көлемін едәуір ұлғайтқанның арқасында ресурстық қорды айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік жасалынды.

2010 жылдың табысты жетістіктердің бірі Батыс Қарабұлақ кен орнының ашылуы мен онда мұнайдын пайдақорлық түсімнің алынуы болған. 2010ж. Өндіріліп жатқан Құмкөл кен орнында жаңа қазбалар кендері ашылды, бұл ресурстық қордын жаңартуы үшін тағы бір сәтті жылдың болғаны жайлы көрсетеді. 2010 жылы «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясының жалпы өндіру көлемi («Қазгермұнай» БК және «Торғай Петролеум» БК-дарындағы 50% үлесін қоса есептегенде) 6,048 миллион тонна мұнай құрады. Оның ішінде ПҚҚР және Көлжан – 3,03 млн. тонна (жоспар – 2,7 млн. тонна),  «Торғай Петролеум» – 2,9 млн тонна (жоспар – 2,9 млн. тонна), «ҚазГерМұнай» – 3,1 млн тонна  (жоспар – 3,1 млн тонна) құрады. 2010 ж. ПҚҚР кен орындарында 99 жаңа ұңғыма іске қосылды. Пайдаланатын ұңғымалар қорының едәуір ұлғайтуы өндірістік нысандарының кеңейтуіне қолайлы жағдай туғызған. Қазіргі уақытта ПҚҚР бөлімшесінің қорында 16 кен орны бар, тәуліктік орташа шикі мұнай шығару көлемі шамамен 8318 тоннаны құрайды.

ӨҢДЕУ
2010 жылы МӨЗ-дағы мұнай өңдеу көлемі 4,58 млн тонна (жоспар бойынша 4,1 млн тонна) құрады, бұл өткен жылғы 4 млн тонна құраған көрсеткіштен едәуір асып түсті. 2010 жылы зауытта шығарылатын мұнай өнiмдерiнiң сапасы Еуро-2 стандартының талаптарына сәйкес келтірілген. Екiншi постсертификациялық инспекциялық тексеру нәтижелері зауытта әрекеттегі экологиялық басқару жүйесiнiң ISO 14001:2004 халықаралық стандартына сәйкестiгін растады.

МАРКЕТИНГ ПЕН ТАСЫМАЛДАУ
Маркетинг пен Тасымалдау бөлімі де жылды жақсы көрсеткіштерімен аяқтады. Өткен жылы экспортқа 2,8 млн. тонна шикі мұнай және iшкi нарыққа – 1,6 млн. тонна жеткізілді. 2010 жылы әлеуметтік бағдарламалар бойынша компания төмендетілген бағамен 730 мың тонна мұнай өнімдерін (дизель мен бензин) жеткізді, бұл 2009 жылдың көрсеткішінен 5 есе артық. Өткен жылдың ең маңызды оқиғаларының бiрi болып «Жосалы терминалын қайта құру және ҚАМ (“Құмкөл-Арысқұм-Майбұлақ”) мұнай құбырын реверстеуi» жобасының аяқталуы болып табылады. Осы жоба мұнай құбырының жүйесіне сібір мұнайын кабылдап алуына және оның Құмкөл-Атасу-Алашанкоу бағыты бойынша жіберу мақсатында кейінгі ҚАМ мұнай құбыры бойынша ағызуға байланысты  iске асырылды. Құбырдың қайта бұрылуы ҚАМ мұнай құбырын және Жосалы терминалын жыл бойы пайдалануға мүмкiндiк бередi.

2010 ж. компания жалға алынатын цистерналар паркін 50 газды вагоноцистерналарға кеңейтіп, ПҚҚР бөлімшесінің жылжымалы құрамының паркін  2240 бiрлiкке дейiн үлкейтті. Вагон цистерналарды тура жүріс жолында дер кезінде жөндеу жүргізу мақсатында жөндеу ұйымдарымен шарттар жасалып, нәтижесінде вагон цистерналардың айналымнан шығуы жоққа шығарылды да, соған қоса цистерналардың жөндеуде тұрған уақыты 6-7 күннен 1-2 тәулікке дейін  қысқартылды.

КОРПОРАТИВТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
2010 жылы Топ оның қызмет өлкесінде жүзеге асыратын бірталай пайдақорлық емес жобаларды қолдауға айтарлықтай мөлшерде қаражат бөліп берді. Осылай, ПҚҚР бөлімшесі әлеуметтiк жобаларды iске асыру және қайырымдылық көмек көрсетуге 3,8 млн. АҚШ долларын, ал ПҚОП – сәйкесiнше шамамен 2 млн. АҚШ долларын үлестірді.

«ПетроҚазақстан» компаниясы жас мамандарды дайындауға да үлкен ықыласын бөледі. Құрылғанына 5 жыл болған «ПетроҚазақстан» компаниясының Стипендиалық Бағдарламасы осы уақыт ішінде Қызылорда облысының 68 жастарына ең үздік Қазақстан, Қытай және Канада елдеріндегі жоғарғы оқу орындарында оқуға мүмкіндік берді. 2010 жылы компания Қытай мұнай университетінде (Пекин) оқуға тағы 10 қызылордалыққа шәкіртақы бөліп берді.

2010 жылы компания жүзеге асыратын әлеуметтік жобалары туралы «ПетроҚазақстан: бизнестің фәлсәфасы» атты алғашқы корпоративтік кітабың шығарды. Кiтап Еңбек және әлеуметтік қорғау Министірінен, iрi компаниялар жетекшілерінен және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарынан жағымды пiкiрлерге ие болды.

2010 жылы компания өзіне алған әлеуметтік жаупкершіліктін барлық міндеттемелерін толық көлемде және дер уақытында орындаған.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz