/**/

2013 жылдың нәтижелері

БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ
2013 жылы «ПетроҚазақстан Инк.» «Қазгермұнай» және «Торғай-Петролеум» бірлескен кәсіпорындардың 50% үлесін қоса алғанда, 5,324 млн. тонна мұнай өндірді. Олардың ішінде ПҚҚР, Көлжан және ПҚВИ бойынша таза жиынтық өндірісі – 2,943 млн.тонна, Торғай-Петролеум бойынша – 0,828 млн.тонна, ҚазГерМұнай бойынша – 1,554 млн.тонна өндірілді. 2013 жылы ПҚҚР, Көлжан және ПҚВИ-де 123 жаңа ұңғыма бұрғыланды, олардың 63-і өндіру және 60-ы барлау және бағалау ұңғымалары, Торғай-Петролеумде – 33 өндіру ұңғымасы, Қазгермұнайда – 19 өндіру ұңғымасы. 1057 келісім-шарт бойынша 300 ш.км. көлемінде 3D сейсмобарлау жұмыстары жүргізілді.
2013 жылы 45 барлау ұңғымасы бұрғыланды, олардың барлаушылық бұрғылануының сәттілік коэффициенті 67% болды. McDaniel тәуелсіз аудитордың есебіне сәйкес, 1057 келісімшарттық территорияда P1 категориялы мұнай қорының өсімі 1,646 млн.тонн құрады, Оңтүстік-Батыс Қарабулақ кенішінде – 0,449 млн тонна, ал 1928 келісімшарттық территорияда – 0,352  млн. тонна. 

ӨҢДЕУ
2013 жылы 4 857  мың тонна шикізат өңделді, бұл 2012 ж. көрсеткіштен 103 мың тоннаға көбірек. 2013 жылы жоғары октан бензиндерін өндіру 723 тоннаны құрады, қайта өңдеудің тереңдігі 75 пайызға дейін жетті, ал ашық түсті мұнай өнімдерін шығару 58 пайызды құрады. Зауыт сұйылтылған газды, дизельдік отынды, мазутын және вакуумдық газойльді шығару көлемін арттырды.
Компания МӨЗ жаңарту және дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруда, оның аясында 7 жаңа технологиялық қондырғылардың құрылысы, сонымен қатар қолданыстағы 3 қондырғыны қайта жаңғырту қамтылған. Зауытты жаңарту және қайта жаңғырту жобасының мақсаты Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына сәйкес мұнай өнімдерін шығаруға көшу, сонымен қатар өңдеу тереңдігін ұлғайту және ашық түсті мұнай өнімдерін шығару болып табылады.

МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ
«ПетроҚазақстан» мұнай өнімдерінің нарығындағы тұрақсыздыққа қарамастан тұтынушыларға отынды жеткізу бойынша өз міндеттерін үнемі орындауда. ҚР-ғы ЖЖМ нарығын тұрақтандыру және әлеуметтік-жауапты компанияның мәртебесін сақтау аясында әлеуеметтік бағдарламалар бойынша 2013 жылы 1 128,3 мың тонна мұнай өнімдерін (дизель, бензин, мазут, әуе керосині) жеткізу қамтамасыз етілді.
Жылжымалы құрамы 2300 бірлікті құрайтын жалпы паркін иеленетін компания Қазақстанның жүк жөнелтушілерінің ішінде көшбасшы компаниялардың бірі ретіндегі өзінің ұстанымын сақтады. Компанияның негізгі қызметі өңделме компанияларға вагондар операторының сапалы қызметтерін ұсыну болып табылады, соның ішінде мұнай өнімдерін тасымалдау үшін вагондарды уақтылы жеткізу, барлық жылжымалы құраманы ұстауды қадағалау, құятын вагондарды уақтылы жеткізу, вагондарды бөлек тұрғызу, вагондарды тиеуге ресімдеу және жоспарлы жөндеуді жүргізу.   
Сонымен, 2013 ж. нәтижелерге сәйкес тек ҚР ішкі нарығының сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент мұнай өңдеу зауытынан, соның ішінде өңделме компаниялардың қорлары, 2963,8 мың тонна мұнай өнімдерін тиеп түсірді, оның ішінде: дизельдік отын, жанармай, ТС-1 және М-100 мазут. Жүк жөнелтудің жөнге салынған жүйесінің, компанияның жылжымалы құрамын тиімді пайдаланудың, мемлекеттік органдардан бұзушылықтар мен ескертпелердің болмауының арқасында компания мұнай өнімдерін жөнелту саласында өзінің беделін тұрақты, ұзақ мерзімді серіктес ретінде сақтап келеді.

ҚТҚОҚ
2013 жылы Компанияның және мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерімен болған өлім-жітім оқиғалар саны бойынша нөлдік көрсеткішке қол жеткізілді. Жарақат алу бойынша өткен жылдардағы көрсеткішке қарағанда биылғы жылғы көрсеткіштер жақсарды.
«KAZENERGY» Қауымдастығының Үйлестiру кеңестерінің бірінің қолдауымен  «ПетроҚазақстанның» бастамасы бойынша компанияда Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
Өткен жылы компанияның бірқатар бизнес-бөлімшелерінде ҚЕҚОҚ басқару жүйесін үздіксіз жақсарту аясында «Қызметкерлерді әлеуетті қауіпті жағдайлар, қауіпсіз емес жағдайлар және әрекеттер туралы хабарламалар үшін көтермелеу бағдарламасы» күшіне енді. ПҚҚР АҚ және ПҚОП ЖШС-те ҚТҚОҚ басқару жүйесінің OHSAS 18001 халықаралық стандарттарына сәйкестігін растайтын аудиттер сәтті өтті. ПҚҚР-де де ИСО 14001 халықаралық стандартына сәйкестігін растайтын аудит сәтті өтті. Компанияның барлық бизнес-бөлімшелерінде қауіпті факторларды анықтау және тәуекелдерді бағалау жолдары стандартталды.


КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
2013 жылы әлеуметтік жауапкершілік бойынша алынған барлық міндеттемелерді компания толық көлемде және белгіленген мерзімде орындап шықты. Дәстүрлі демеушілік және қамқорлыққа алынған ұйымдарды қолдау жобаларына қоса, 2013 жылы ПҚОП және ПҚҚР компаниялары Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының Әкімшіліктерімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Қол қойылған Меморандумдардың аясында әлеуметтік жобаларды іске асыруда ПҚОП 1 млн. доллар, ПҚҚР – тиісінше 3 млн. бөлді.

МАРАПАТТАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ
2013 жыл Компанияның барлық бөлімшелері үшін айтарлықтай сәтті болды. Компанияның аймақтарды дамытуға қосқан үлесі, мемлекет үшін сіңірген еңбегі үшін ПҚҚР және ПҚОП-тың жоғары қызметкерлері республикалық деңгейде танылды. Біздің компания Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектілерді жалпы мемлекеттiк статистикалық саралауда екі номинация бойынша көшбасшы кәсіпорындардың ондығын тұйықтайды.  Осы жоба аясында Компанияны Ұлттық куәлікпен және «Қазақстан көшбасшысы-2013» медалімен атап өтті. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басқарма төрағасы Фан Цзячжун «Қазақстан Даңқы» орденімен марапатталды, геология және геофизика департаментінің аға менеджері Агзам Шарменов «Жыл маманы» куәлігін иеленді, ал КАМ кеніштеріндегі коллекторлық жүйе менеджері Серік Жұмахметов «Тиімділік үшін» атаулы медалін алды.
Мұнай кешенінің қызметкерлері күнін атап өту аясында «КазЭнерджи» қауымдастығы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-тің 11 қызметкерін және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның 10 қызметкерін медальдармен, құрмет грамоталарымен және алғыс-хаттармен марапаттады. 
Сондай-ақ кәсіптік мейрамға орай зауыттың 9 қызметкері «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ, «Самрұқ –Қазына» және Мұнай және газ министрлігімен «Мұнай – газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, құрмет грамоталармен, «ҚазМұнайГаз» құрмет белгісімен және «Мұнай – газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» омырауға тағатын белгiсімен марапатталды. 
«Мұнайшы» корпоративтік журналы KAZENERGY Қауымдастығы жарысында Қазақстанның мұнай-газ саласында ең жақсы деп танылды, ал «ПКОП» ЖШС  «Social Responsibility Prize» и «Environmental Safety Prize» номинациялары бойынша құрмет куәліктерімен марапатталды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz