/**/

2019 жылғы қызмет нәтижелері туралы баспасөз хабарламасы

2019 жылғы қызмет нәтижелері туралы баспасөз хабарламасы

БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ

«ПетроҚазақстан Инк.» – бұл мұнай және газды сатып алу, барлау, шығару және өндіру, сондай-ақ, мұнай өнімдерін сату қызметін жүзеге асыратын, акционерлері «CNPC E&D» (67%) және «ҚазМұнайГаз» БӨ (33%) болып табылатын энергетикалық сектор кәсіпорындарының тобы. Топтың барлау мен өндіру бойынша барлық операциялары Оңтүстік Торғай мұнайлы алабында және Қазақстан Республикасының орталық бөлігінде шоғырланған. Топтың кен шығарудың түрлі кезеңдеріндегі кен орындарында үлесі бар. Өндірілетін өнімнің көбісі ішкі нарыққа жеткізіліп, шикі мұнайдың экспорты Қытай мен Өзбекстан бағыттарымен жүзеге асырылады.

Негізгі еншілес кәсіпорындары: «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (100%), «Көлжан» ЖШС (100%), «ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк.» (100%), «Торғай Петролеум» АҚ (50%), «Қазгермұнай» БК» ЖШС (50%), сондай-ақ, өзге де заңды тұлғалар. Топ 1057 лицензиясындағы («Көлжан» ЖШС және «SSM Oil» ЖШС бірлескен кәсіпорны) қатысу үлесіне және 951Д лицензиясындағы («ПетроКазахстан Венчурз Инк.» және «Ориент Петролеум (Сентрал Эйжа) Лтд.» бірлескен кәсіпорны) қатысу үлесіне ие. 

2019 жылы 80 ұңғыма бұрғыланып, соның ішінде 61 ұңғыма бақыланбалы өндіру бөлімшесімен, ал 19 ұңғыма «Қазгермұнай» БК» ЖШС-мен бұрғыланды. Бұрғыланған 80 ұңғыманың 37-сі барлау және бағалау, ал 43-ы – озыңқы және пайдалану ұңғымасы болып табылады. 

ПҚИ тобы өзінің акционерлерімен 2019 жылға бекітілген жоспарлы өндіру көрсеткіштеріне қол жеткізді. Жалпы өндіру көлемі 4,048 мың тоннаны құрап, бұл бюджетпен бекітілген деңгейден (3,948 мың тонна) 100 мың тоннаға асты. Топ шикі мұнайдың шамамен 89%-ын ішкі нарыққа жеткізіп, экспортқа қарағанда, бұның бағасы төменірек болады. Әлеуметтік тұрғыдан жауапты компания бола тұра, ПҚИ өндіру бөлімшесі (бірлескен кәсіпорындарды қоса) түрлі әлеуметтік жобаларға 5,4 млн. доллар көлеміндегі соманы инвестициялады. 

ПҚИ өндіру бөлімшесінің өндіру көлемінің төмендеуі, жоғары суландырылу деңгейі, жоғары эксплуатациялық шығындар мен ішкі нарықтағы сату көлемінің жоғары деңгейі сияқты қиыншылықтарға тап болғанына қарамастан, ПҚИ басшылығы табысты барлау, қорлардың өсуі және барлық операциялар мен өндіруді заңнама мен озық тәжірибеге сәйкес арқылы энергоресурстарын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге талпынуда. 2019 жылдың ішінде геологиялық жұмыстарға құйылған айтарлықтай инвестициялар арқасында шамамен 853 мың тонна шығарылатын қорлар анықталды. Қорлардың өсуі, жаңа блоктарды сатып алу, жаңа объектілерді барлауға рұқсат алу, қазіргі аумақтарды кеңейту және табысты барлау бұрғылауы компанияның ұзақ мерзімді міндеті болып табылады.

ӨҢДЕУ

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (ПҚОП) ЖШС – Шымкент қаласында орналасқан мұнай өңдеу зауыты, ол 1985 жылы іске қосылды. Зауыт Қазақстандағы үш МӨЗ-дің ең жаңасы болып табылады және Қазақстан Республикасындағы мұнай өнімдерін жалпы өндіру көлемінің шамамен 30%-ын қамтамасыз етеді. 

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің басқарылуы паритеттік негізде жүзеге асырылады: «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясы және Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC).

2018 жылы жаңғырту мен қайта құру кең ауқымды жобасын іске асырған соң, ШМӨЗ шығарылатын жанармайдың сапасын К-5 стандарттарына дейін арттырып, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін деңгейін көтеріп, зауыттың жобалық қуатын жылына 6 млн тоннаға дейін арттырды. Сондай-ақ, қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ақшыл мұнай өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайтты.

Жаңғырту жобасы аяқталысымен және 2019 жылдан бастап «ПҚОП» ЖШС-нда алғы қатарлы жаңа автоматтандыру, цифрландыру технологиялары, өндірістік процестерді бұдан әрі жетілдіру және шығарылатын өнімнің сұрыпын кеңейту саласындағы халықаралық тәжірибе кеңінен енгізіледі. Бұл, ең алдымен, «ҚазМұнайГаз» АҚ және CNPC жетекші ұлттық компаниялар деңгейінде тиімді әрі жемісті ынтымақтастық арқасында мүмкін болды.

 Шымкенттік МӨЗ-ді жаңғырту мен қайта құру жобасының Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылғанын атап өткен жөн. Жобаны іске асыру үшін құйылған инвестициялардың көлемі 1,8 млрд. АҚШ долларын құрады. ШМӨЗ-ді жаңғырту жобасының аяқталуы Қазақстанның индустриялық дамуындағы ең маңызды оқиғаларының бірі болды. 

«ПҚОП» ЖШС-ның 2019 жыл ішіндегі мұнайды өңдеу көлемі 5 млн. 401 мың тоннаны құрады. Бұл жағдайда, мұнай өнімдерін өндіру көрсеткіштері 4 млн. 955 тоннаны құрап, соның ішінде келесідей мұнай өнімдері өндірілді: 

 бензин – 1 908 мың тонна;

дизельді жанармай – 1 518 мың тонна;

авиациялық керосин – 335 мың тонна; 

 сұйылтылған газ – 295 мың тонна; 

вакуумды газойль – 236 мың тонна; 

 мазут – 659 мың тонна; 

техникалық күкірт – 3,353 мың тонна;

ҚЕҚОҚ

2019 жылы «ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк.» компаниясының Алматылық филиалында («ПҚОСИ» КАФ) ISO 14001-2015 және ISO 45001-2018 халықаралық стандарттарға сәйкес қауіпсіздікті, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін (ҚЕҚОҚ БЖ) келтіру бойынша жұмыс ұйымдастырылып, сертификациялық аудиттің бірінші кезеңі өткізілді. Алғаш рет «ПҚОСИ» КАФ жұмыскерлерімен өрт сөндіргіштерді пайдалану бойынша практикалық оқыту өткізілді. «Өрт» пен «Жер сілкінісі» тақырыптарындағы эвакуациялық жаттығулар сәтті өткізілді. «Жасыл кеңсе» жобасының іске асырылуы жалғасып, оның аясында қағаздың, пластикалық бөтелкелердің, шағын батареялардың және тағамдық қалдықтардың бөлек жиналуы мен қайта өңдеуге берілуі ұйымдастырылды. «Әлеуетті тұрғыдан қауіпті оқиғалар, қауіпсіз емес жағдайлар мен әрекеттер туралы хабарлаған жұмыскерлерді ынталандыру бағдарламасы» аясында «ПетроҚазақстан» компаниясының 50 жұмыскеріне сыйлық берілді. Оған қоса, «ПҚОСИ» КАФ ҚЕҚОҚ басқару жүйесінің ISO14001-2015 «Экологиялық менеджмент жүйелері» және ISO45001-2018 «Денсаулық пен еңбек қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі» халықаралық стандарттарына сәйкестігіне сертификациясынан өтті. 2020 жылдың 25 ақпан күні Bureau Veritas Certification Holding SAS – UK Branch ұйымынан №229334 және №229335 сәйкестік сертификаттары алынып, олар 2023 жылдың 24 ақпан күніне дейін қолданылатын болады.

 2019 жылы «ПҚҚР» АҚ-нда өндірістік объектілердің еңбек жағдайлары бойынша аттестациясы өткізілді.  632 жұмыс орны аттестатталып, солардың 452 орны еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келеді. 181 мамандыққа қосымша төлем мен қосымша демалу күндері орнатылды. «ПҚҚР» АҚ-тың ҚжЕҚ бөлімі тарапынан ҚЕҚОҚ бойынша орташа қауіп-қатерлердің, ЖҚҚ беру мен есепке алу, технологиялық жабдықтың техникалық куәландыруды және жөндеуді өткізуді есепке алу мен бақылау электрондық деректер базалары құрылды. Жаңа мердігерлермен орнату жиналыстары жүргізіліп, техникалық бақылау тізімдемені (чек-парақтар) пайдалану арқылы жұмыстарды орындау алдында мердігерлердің тексерілуі жүзеге асырыла басталды. «Көлжан» ЖШС, «ҚазГерМұнай» БК АҚ, «Торғай-Петролеум» ЖШС және «ҚуатАмлонМұнай» АҚ командаларының қатысуымен Компанияның өндірістік цехтері арасында «Өртті сөндіргеннен гөрі, оны алдын алған оңайырақ!» тақырыбындағы конкурс өтті. ӨТМ бағдарламасы бойынша Компанияның 1 224 жұмыскері оқытылып, олар 347 өрт сөндіргіштің жөнделуін, техникалық қызмет көрсетуі мен қайта қуатталуын өз бетімен жүргізді. Қызылорда қаласындағы вахталық қалашықта ТЖ туралы хабарлау жүйесінің монтаждалуы жүргізілді. «ПҚҚР» АҚ-тың ҚОҚ бөлімі тарапынан 2020 жылға қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға рұқсат уақытында алынды. Қағаз және пластикалық қалдықтардың бөлек жиналуы мен оларды кәдеге жаратуға табыстау бойынша талаптар іске асырылып, есептен шығарылған кеңсе техникасын, электронды және тұрмыстық техниканы және жиһазды шығару мен кәдеге жарату мәселесі шешілді. 

2019 жылы «ПҚОП» ЖШС бойынша экологиялық инциденттер, эмиссиялардың белгіленген нормативтерінің асырылу жағдайлары, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар жоқ. Өрт пен жанып кету жағдайлары тіркелмеген. «ПҚОП» ЖШС-нің аудиттерінің ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, OHSAS 18001:2007 стандарттарына және ИСО 50001-2012 ҚР СТ стандарттарына сәйкестігі тексерілді. Сертификаттардың қолданылуы расталды. «Commission implementing decision» Еуропалық анықтамалық бойынша «Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы» КАҰ-дың кешенді технологиялық аудиті өткізілді. 2019-2023 жж. «ПҚОП» ЖШС қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға рұқсат алды. Қайта пайдаланылған тазартылған өнеркәсіптік қалдықтардың көлемі ұлғайды. Жақын жерде орналасқан елді мекен тұрғындарымен, ақсақалдар кеңесімен және Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерімен аймақта экологиялық жүктемені азайту бағдарламасы бойынша кездесу өткізілді. «АМАН» жобасы аясында келесідей номинацияларда мадақталды: «Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау үлгілі ұжым» – зауыттың 9 бөлімшесі; «Шағын комитеттің ең белсенді қатысушылары» – 14 жұмыскер; «ҚжЕҚ саласындағы үздік жұмыскерлер» – 9 жұмыскер; «Оқытуды үйрен» бағдарламасы бойынша – 3 жұмыскер. «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» арналған «Ата-ананың қауіпсіз еңбегі – балалардың бақыты» атты конкурс зауыт жұмыскерлерінің балалары арасында өткізілді.

КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

«ПетроҚазахстан» компаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясаты бұрынғыдай тиімділік, жөнділік пен реттілік қағидаларына негізделеді. Компания 2019 жылы КӘЖ аясында алған барлық міндеттемелерді орындады.

Жыл ішінде компания өз қызметін жүргізетін аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға, халықтың аз қамтылған топтарын, жетім балаларды және мүгедектерді, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, ауған соғысының ардагерлерін, сондай-ақ, денсаулық сақтау, мәдениет, өнер мен спорт саласындағы жобаларды қолдауға бағытталған ұзақ мерзімді жобалардың іске асырылуы жалғасын тапты.

Төменде 2019 жылы іске асырылған Қызылорда мен Түркістан облыстарындағы және Алматы қаласындағы компанияның демеушілік және қайырымдылық жобаларының бір бөлігі ғана көрсетілген: «Шапағат» мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын, «Атамекен» балалар ауылын қолдау, «ДОМ» қоғамдық қорының «Балаларға өмір сыйла» жобасы, Бибігүл Төлегенова атындағы вокалисттер конкурсын, Селезнев атындағы Алматы хореографиялық мектепті қолдау, соғыс және еңбек ардагерлерін қолдау, Burabike қайырымдылық веложарысына қатысу, Қазақстанның балалар ауруханаларының қажетті медициналық жабдықпен жабдықталуы жүзеге асырылатын қаражат жинау, «Арай Санрайз» балалар лагерінде аз қамтылған отбасылардан шыққан және компания жұмыскерлерінің 1 080 баласына арналған тегін демалуды ұйымдастыру. 

Өндіру бөлімшесінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіне тоқталып, «ПетроҚазақстан Кумколь Ресорсиз» АҚ тарапынан жергілікті бюджетке жіберілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша әлеуметтік аударымдар 625,4 млн. теңгені құрап, бұл ретте демеушілік және қайырымдылық көмекке берілген сома 131,6 млн. теңгені құрады. 

Аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлерге арналған қайырымдылық жобалар ПҚҚР үшін дәстүрге айналды. Оған мерекелік іс-шараларды өткізу және Наурыз бен Жаңа жылға азық-түлік пакеттерін, 100 балаға арналған «Мектепке барар жол» республикалық акциясы аясында мектеп керек-жарақтарын тарату кіреді. Бұған қоса, Қызылорда облысының мектеп оқушылары бірнеше жыл бойы облыстың мектеп оқушылары арасындағы «ПетроҚазақстан» компаниясының Кубогы ойынатылатын баскетболдан, футболдан және таеквондодан өткізілетін турнирлерге қатысып келе жатыр. 

«ПҚОП» ЖШС үшін 2019 жыл Шымкент қаласының әкімдігімен жасалған меморандуммен маңызды. Оның аясында қаланың әлеуметтік тұрғыдан маңызды жобаларын іске асыруға 200 млн. теңге бөлінген болатын.

«ПҚОП» ЖШС-нда Арыс қаласының зардап шеккен халқына қолдау көрсетуге белсенді қатысқан Жастар кеңесі қызмет етеді. Ол түрлі әлеуметтік жобаларға бастамашылық етіп, оларға қатысады. Осылайша, мереке қарсаңында бұл Кеңес зауыт жұмыскерлері арасында концерттер мен конкурстарды ұйымдастырып, қаланың спорттық жарыстарына, атап айтқанда, Шымкент қаласының ең ірі әрі көп адам қатысатын «Shymkent Marathon» спорттық шарасына қатысып, басқаларды да оған қатысуға шақырады. Жастар әлеуметтік ерікті қызметпен де айналысады. Олар балалар үйлеріндегі балаларға көмектесіп, қоқысты жинау мен ағаштарды отырғызу бойынша экологиялық акцияларды қолдайды.  

 Компания жұмыскерлерінің әлеуметтік қолдауына ерекше назар аударылады. Мысалы, Жұмыскерлердің жоғары білімді алуға берілетін қаржылық көмек бағдарламасы аясында, ПҚОП басшылығымен 43 шәкіртақы бөлінген болатын. Зауыт жұмыскерлерінің асырауындағы балаларға стипендиялық бағдарлама бойынша 34 шәкіртақы берілген болатын. 

  «Мектепке барар жол» бағдарламасы бойынша ПҚОП жұмыскерлерінің мектеп жасындағы әр баласына 100 мың теңге көлеміндегі бір реттік төлем жүргізілген болатын. Жалпы 932 бала қаржыландырылды. 

   Жастар жылы тұрғын үйді сатып алу үшін «ПҚОП» ЖШС-ның жас қызметкерлеріне ипотекалық кредит беру бойынша микроқаржылық ұйыммен келіссөздер жүргізілді. 

    2019 жылы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мен еңбек ұжымы арасында 2019-2022 жж. арналған Ұжымдық шартқа қол қойылып, онда шарттың барлық алдыңғы талаптары толық көлемде сақталып, ол ПҚОП жұмыскерлері жағдайының жақсаруы көзделген бірнеше баптармен толықтырылды.

ЖЕТІСТІКТЕР МЕН МАРАПАТТАР

Компанияның аймақты дамуға қосқан үлесі мен қызметкерлердің еңбегі республикалық және жергілікті деңгейлерде жыл сайын бағаланады. Қызметкерлердің 90%-нан астамы Қазақстан азаматтары екендігін атап өткен жөн.

Сырдария өзенінде су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге қатысқаны үшін, 2019 жылы «ПҚҚР»  АҚ Қызылорда облысы әкімдігінің және Төтенше жағдай департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды. 

«ПҚҚР» АҚ-ның өртке қарсы қызметі аймақтың үздік мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі ретінде Қызылорда облысының Төтенше жағдай департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды. Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерейтойлық медалімен «ПҚҚР» АҚ ҚЕҚОҚ департаментінің 6 жұмыскері, 4 жұмыскері «Қазмұнайгаз кәсіподағы» ҚБ-ның құрмет мақтау қағазымен және 1 жұмыскері облыс мәслихатының алғыс хатымен марапатталды.

Кәсіпорын жұмыскерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауда жоғары көрсеткіштері үшін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС «Дүниежүзілік еңбек қорғау күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Үздік қауіпсіз кәсіпорын» конкурсында арнайы дипломмен және жүлдегер кубогымен марапатталды.  Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай өндірістік қызметтегі жетістіктері үшін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің басшылығы мен қызметкерлері мемлекеттік марапаттармен, медальдармен және құрмет мақтау қағаздарымен марапатталды. «ПетроҚазахстан Ойл Продактс» ЖШС қызметкерлері Ресей Федерациясында өткен «Үздік маман» кәсіби конкурсында жүлделі бірінші орындарды алды.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «ПҚОП» ЖШС Шымкент қаласының кәсіпорындары арасында «Үздік еңбекті қорғау қызметі» номинациясында І орын алды. «ҚМГ» ҰК АҚ бас директорларының V форумында «ПКОП» ЖШС-не 2018 жылы айырықша қауіпсіздік көрсеткіштеріне қол жеткізгені үшін «Жоғары қауіпсіздік деңгейі үшін марапат» және «Өндірістегі жоғары қауіпсіздік деңгейі үшін» сертификаты берілді.

Қазақстан мұнайының 120 жылдығына және Мұнайгаз кешенінің жұмыскері күні кәсіби мерекесіне орай басшылық пен қызметкерлер түрлі марапаттар мен құрмет белгілерімен марапатталған болатын. 

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» және «ПетроҚазақстан Инк.» АҚ президенті Хуан Сяньсюн энергетикалық саласының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 120 жыл» құрмет мерейтойлық медалімен марапатталды. Марапаттау Kazakhstan Energy Week-2019 аясында Нұр-Сұлтан қаласында өтті. 

Оған қоса, «ПҚОП» ЖШС-ың, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның және «Көлжан» ЖШС-ның 500-ден астам өндіріс ардагерлері мен көзге түскен қызметкерлері қосқан еңбек үлесі үшін, түрлі марапаттарды, соның ішінде, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінен, «НК «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тан, «KAZENERGY» қауымдастығынан, «Самрұқ Қазына» АҚ-нан, Қызылорда облысының әкімінен, Қызылорда қаласының әкімінен және Шымкент қаласының әкімінен, облыс пен қала мәслихаттарынан, «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағынан» және тағы басқа ұйымдардан мерейтойлық медальдарды, құрмет мақтау қағаздарын және алғыс хаттарын алды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz