/**/

2020 жылғы қызмет нәтижелері туралы баспасөз хабарламасы

2020 жылғы қызмет нәтижелері туралы баспасөз хабарламасы

БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ

«ПетроҚазақстан Инк.» – бұл мұнай және газды сатып алу, барлау, шығару және өндіру, сондай-ақ, мұнай өнімдерін сату қызметін жүзеге асыратын, акционерлері «CNPC E&D» (67%) және «ҚазМұнайГаз» БӨ (33%) болып табылатын энергетикалық сектор кәсіпорындарының тобы. Топтың барлау мен өндіру бойынша барлық операциялары Оңтүстік Торғай мұнайлы алабында және Қазақстан Республикасының орталық бөлігінде шоғырланған. Топтың өндірудің түрлі кезеңдеріндегі кен орындарында үлесі бар. Қазіргі таңда өндірілетін өнімнің көбі ішкі нарыққа жеткізіліп, шикі мұнайдың экспорты Қытай мен Өзбекстан бағыттарында жүзеге асырылады. 

Негізгі еншілес кәсіпорындар: «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (100%),«Көлжан» ЖШС (100%), «ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк.» АФ (100%),«Торғай Петролеум» АҚ (50%),«Қазгермұнай» БК» ЖШС (50%), сондай-ақ өзге заңды тұлғалар. Топ 1057 лицензиясындағы («Көлжан» ЖШС және «SSM Oil» ЖШС бірлескен кәсіпорны) қатысу үлесіне және 951Д лицензиясындағы («ПетроКазахстан Венчерс Инк.» және «Ориент Петролеум (Сентрал Эйжа) Лтд.» бірлескен кәсіпорны) қатысу үлесіне ие. 

2020 жылы 59 ұңғыма бұрғыланып, соның ішінде 40 ұңғыма бақыланбалы өндіру бөлімшесімен, ал 19 ұңғыма «Қазгермұнай» БК» ЖШС-мен бұрғыланды. Бұрғыланған 5 ұңғыманың 17-сі барлау және бағалау, 32-і озыңқы өндіруші және пайдалану, 10-ы айдау ұңғымасы болып табылады.

ПҚИ тобы өзінің акционерлерімен 2020 жылға бекітілген жоспарланған өндіру көрсеткіштеріне қол жеткізді. Жалпы өндіру көлемі 3 133 мың тоннаны құрап, бұл бюджетпен бекітілген деңгейден (3 039 мың тонна) 95 мың тоннаға асты. Топ шикі мұнайдың шамамен 91%-ын ішкі нарыққа жеткізіп, экспортқа қарағанда, бұның бағасы төменірек болады. Әлеуметтік тұрғыдан жауапты компания бола отырып, ПҚИ өндіру бөлімшесі (бірлескен кәсіпорындарды қоса алғанда) 3,6 млн. АҚШ долл. көлеміндегі инвестицияны әлеуметтік жобаларға құйып, соның ішінде 0,5 млн. АҚШ долл. көлеміндегі сома Covid-19 ауруымен күресу үшін жергілікті медициналық мекемелерге жіберілді. 

ПҚИ өндіру бөлімшесі өндіру көлемінің төмендеуі, жоғары суландырылу деңгейі, жоғары эксплуатациялық шығындар мен ішкі нарықтағы сату көлемінің жоғары деңгейі сияқты қиыншылықтарға тап болғанына қарамастан, ПҚИ басшылығы табысты барлау, қорлардың өсуі және барлық операциялар мен өндіруді заңнама және озық тәжірибеге сәйкес жүргізу арқасында энергоресурстардың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуге үмітпен қарайды. Қорлардың өсуі, жаңа блоктарды сатып алу, жаңа объектілерді барлауға рұқсат алу, қолданыстағы аймақтарды кеңейту және табысты барлау бұрғылау – осының бәрі компанияның ұзақ мерзімді міндеті болып табылады.

ӨҢДЕУ

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (ПҚОП) ЖШС – Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында орналасқан, 1985 жылы іске қосылған мұнай өңдеу зауыты. Аталмыш зауыт Қазақстандағы 3 зауыттың арасындағы ең жаңасы болып табылады және Қазақстандағы мұнай өнімдерін өндіру көлемінің 30%-ын қамтамасыз етеді. 

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның басқарылуы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және CNPC Қытай ұлттық мұнай корпорациясы тарапынан паритеттік негізде жүзеге асырылады.

2018 жылы ШМӨЗ-де жаңғырту мен қайта құру ауқымды жобасының іске асырылуы аяқталғаннан кейін шығарылатын жанармайдың сапасы К-5 стандарттарына дейін артып, өндірістің экологиялық қауіпсіздік деңгейі көтеріліп, зауыттың жобалық қуаты жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайды. Сондай-ақ қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ақшыл мұнай өнімдерінің өндірісі ұлғайды.  Шымкенттік МӨЗ-ді жаңғырту мен қайта құру жобасы Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылды. Жобаны іске асыру үшін салынған инвестициялардың көлемі 1,8 млрд. АҚШ долларын құрады. ШМӨЗ-ді жаңғырту жобасының аяқталуы Қазақстанның индустриялық дамуындағы ең маңызды оқиғаларының бірі болды. Жаңғырту жобасы аяқталғаннан кейін «ПҚОП» ЖШС-нде автоматтандырудың, цифрландырудың, өндірістік процестерді одан әрі жетілдіру және шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтудің озық жаңа технологиялары саласындағы халықаралық тәжірибесі кеңінен енгізілуде. Бұл өз кезегінде, «ҚазМұнайГаз» «ҰК» АҚ және CNPC жетекші ұлттық компаниялары деңгейіндегі тиімді және жемісті ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды. 

«ПҚОП» ЖШС-ның 2020 жылғы мұнай өңдеу көлемі 4 млн. 794 мың тоннаны құрап, бұл ретте мұнай өнімдерін өндіру көрсеткіштері 4 млн. 290 мың тоннаны құрады, оның ішінде келесідей мұнай өнімдері өндірілді: 

бензин – 1 958 мың тонна;    

дизель жанармайы – 1 411 мың тонна;

авиациялық керосин – 244 мың тонна; 

сұйылтылған газ – 327 мың тонна; 

техникалық күкірт – 6,0 мың тонна;

мазут – 343 мың тонна.

Сондай-ақ, 2020 жылы «ПҚОП» ЖШС-нде мұнайды өңдеу тереңдігі бойынша 90,14% көрсеткішке қол жеткізілді, бұл өз кезегінде «ПҚОП» ЖШС үшін ғана емес, сондай-ақ республиканың басқа да мұнай өңдеу зауыттары үшін олардың өндірістік қызметі жылдарында рекордтық көрсеткіш болып табылады.  

2020 жылы COVID-19 коронавирустық инфекциясын таратпау бойынша санитарлық және карантиндік шараларды енгізумен «ПҚОП» ЖШС-нде барлық қажетті шаралар қабылданып, жалпы өндірістік процестің үздіксіз қызметі бойынша іс-әрекет алгоритмі әзірленді.  Технологиялық өңдеу қондырғылары штаттық режимде жұмыс істеді.

«ПҚОП» ЖШС-нде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарына қатаң сәйкестікте өндірістік қызметкерлер құрамын қорғауға бағытталған барлық шаралар қолданылды. 

ҚЕҚОҚ

2020 жылдың ақпан айында «ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк.» компаниясының Алматылық филиалы  («ПҚОСИ» КАФ) ҚЕҚОҚ басқару жүйесінің ISO14001-2015 «Экологиялық менеджмент жүйелері» және ISO45001-2018 «Денсаулық және еңбек қауіпсіздігі менеджментінің жүйесі» халықаралық стандарттарына сәйкестігіне сертификаттаудан сәтті өтті. 2020 жылдың 25 ақпанында Bureau Veritas Certification Holding SAS – UK Branch ұйымынан 2023 жылдың 24 ақпанына дейін жарамды № 229334 және № 229335 сәйкестік сертификаттары алынды. «Қауіпсіз кеңсе» жобасы аясында ҚЕҚОҚ бойынша алты бейнеролик түсіріліп, таратылды. Кеңседе қағазды, пластикалық бөтелкелерді, шағын батареялар мен тамақ қалдықтарын бөлек жинау және өңдеуге беру жалғасуда. «Ықтимал қауіпті жағдайлар, қауіпсіз емес жағдайлар/әрекеттер туралы хабарлаған жұмыскерлерді ынталандыру бағдарламасы» қайта қаралып, 2023 жылға дейін ұзартылды. 2020 жылы ПетроҚазақстан компаниясында осы бағдарлама бойынша 30-дан астам жұмыскерге сыйақы берілді.

Компанияның барлық бизнес-бөлімшелерінде ПетроҚазақстан жұмыскерлері арасында COVID-19 коронавирусының таралуына жол бермеуге бағытталған бірқатар шаралар іске асырылды: инфекциямен күресу бойынша жедел штабтар құрылып, COVID-19 жұқтыру/жұқтыру күдігі анықталған жағдайда шұғыл іс-шаралар алгоритмдері және Компания объектілерінде COVID-19 ауруының таралуын алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, карантиндік шараларды сақтау бойынша ескертпелер мен нұсқаулықтар шығарылды. Қорғаныс қалқаншалары, медициналық маскалар, қолғаптар, антисептиктер және т.б. медициналық және дезинфекциялық құралдар сатып алынды. Күн сайын компанияның кеңселерінде және өндірістік объектілерінде жұмыскерлердің термометриясы және санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуына байланысты тексерулер жүргізіледі. Вахтаға шығу алдында жұмыскерлерді экспресс-тестілеу және іс-сапарларға жіберілетін жұмыскерлерді ПТР-тестілеу жүргізіледі. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі заңнамалық талаптардың орындалуы үнемі жарияланып отырады және бақыланады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен жұмысты үйлестіру жөніндегі қызмет жүзеге асырылады. 

Жыл бойы компанияның 2797 жұмыскері КЕҚОҚ мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтті. 2020 жылы «ПҚҚР» АҚ-та ЖҚҚ МЖ жетілдіру бойынша Жол картасы» бағдарламасын іске асыру басталды. Бұл бағдарламаның мақсаты Компания жолдарындағы ЖКО санын қысқарту, сондай-ақ «ПҚҚР» АҚ және мердігерлік ұйымдардағы көлік қауіпсіздігінің жағдайын жақсарту болып табылады. 2020 жылдың 1-тоқсанында «ПҚҚР» АҚ «ҚЫС – 2020» және «КӨКТЕМ – 2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға, ал жыл бойы облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысты. «ПҚҚР» АҚ қызметкер құрамын өрт қауіпсіздігі бөлімінің мамандары тарапынан өрт сөндіру-техникалық минимум бойынша оқытуды жалғасуда. Құмкөл кен орнының өрт сөндіру бөлімінің базасында ұнтақты өрт сөндіргіштерге техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу және қайта қуаттау жүргізіліп, онда оларды қайта қуаттау цехы ұйымдастырылған.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен кәсіпорында ең озық қолжетімді технологияларға қол жеткізу деңгейін анықтау мақсатында «ПҚҚР» АҚ-та кешенді технологиялық аудит жүргізілді. Дербес сарапшылардың алдын ала қорытындысы алынды. «ПҚҚР» АҚ және «Көлжан» ЖШС объектілері 2021 жылға арналған қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға берілетін экологиялық рұқсаттар, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті берген радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қызметіне берілетін лицензия алды.

2020 жыл ҚМГ, ЕТҰ компаниялар тобында және барлық мердігерлік ұйымдарда қауіпсіздік жылы деп жарияланды. Осыған байланысты «ПҚОП» ЖШС объектілерінде «Тараптардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға қатысты түсіністігі мен адалдығы туралы келісімге» қол қойылды. «ПҚОП» ЖШС басшылығының және мердігерлік ұйымдардың бірінші басшыларының және КЕҚОҚ үшін жауапты тұлғалардың қатысуымен кеңес өткізілді. «АМАН» ИҚЖ жобасы бойынша «Аман» логотипі бар жейделер, ветровкалар, бейсболкалар, вымпелдер сияқты имидждік өнім сатып алынды.  

2020 жылдың 4-тоқсанында «ПҚОП» ЖШС ИСО 14001:2015 стандартының талаптарына сәйкес ЭМЖ сыртқы қайта сертификаттау аудитінен сәтті өтті. ЭМЖ саласындағы құжатталған рәсімдер қайта қаралды. Маңызды экологиялық аспектілердің тізілімі жасалды. Қоршаған ортаға теріс әсерді азайту және кәсіпорынның экологиялық аспектілерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар айқындалды. 2020 жылы «ПҚОП» ЖШС ДСМжЕҚҚЖ жүйесі (Денсаулықты сақтау менеджменті және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі) «Русский Регистр – Евразия» сертификаттау жөніндегі қауымдастығымен ИСО 45001:2018 жаңа стандарты бойынша сертификаттаудан сәтті өтті. СМЖ, ЭМЖ және ДСМжЕҚҚЖ жөніндегі нұсқаулық қайта қаралды және бекітілді.

2020 жылы «ПҚОП» ЖШС бойынша экологиялық инциденттер, эмиссиялардың белгіленген нормативтерінен асып кету жағдайлары, ҚР экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар болған жоқ. 2020 жылдың ақпан айында зауытта «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КАҚ кешенді технологиялық аудиті өткізілді. Кәсіпорынның өндірістік көрсеткіштері мен жаңғырту объектілері және олардың еуропалық және ресейлік ОҚТ анықтамалықтарына сәйкестігі жоғары бағаланды. 2020 жылдың 28 наурызында «ПҚОП» ЖШС «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысты. Кәсіпорынның қосалқы объектілерінің сыртқы жарығын 1 сағатқа ішінара өшіру жүргізілді. «Жасыл белдеу» құру аясында Шымкент қаласының айналасына 1000 көшет отырғызылып, ал тұрғындардың өтініші бойынша жақын орналасқан «Қарабастау» елдімекенінде тағы 500 жеміс және жапырақты ағаштар отырғызылды. 2020 жылдың 19 қыркүйегінде «Дүниежүзілік тазалық күні» дүниежүзілік акциясы аясында «ПҚОП» ЖШС жұмыскерлері Қошқар ата қала өзенінің бастауында және оған іргелес қоғамдық демалыс аймағында сенбілік өткізді. Бұл акция болашақ ұрпақ үшін қаланың тазалығын және табиғаттың табиғи сұлулығын сақтауға бағытталған.

КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

«ПетроКазақстан» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясаты бұрынғыдай тиімділік, мақсаттылық және бірізділік қағидаттарына негізделеді. Компания 2020 жылы КӘЖ аясында өзіне алған барлық міндеттемелерді орындады. 

«ПҚОП» ЖШС үшін 2020 жыл Шымкент қаласының әкімдігімен меморандум жасауымен маңызды, оның аясында коронавирустық пандемия кезеңінде қаланы қолдау үшін 200 млн. теңге бөлінді.  «ПҚОП» ЖШС «Шымкент – Қайырымды қала» әлеуметтік қорымен бірлесіп, № 2 қалалық аурухананың провизорлық стационарына 10 000 медициналық маска мен 1000 қорғау костюмін табыстау арқылы гуманитарлық көмек көрсетті. «ПҚОП» ЖШС жас мамандар кеңесі «Біз біргеміз» қалалық бағдарламасына қатысып, карантин кезінде 100 көп балалы және аз қамтылған отбасына азық-түлікпен және бірінші қажеттілік құралдарымен көмек көрсетті.  Сондай-ақ, 2020 жылдың қыркүйегінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС акционерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) бірлесіп, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына гуманитарлық көмек ретінде 50 оттегі концентраттарын әрі қарай қаланың медициналық мекемелеріне тарату мақсатында бергенін атап өткіміз келеді. Жоғарыда айтылғандай, Шымкент қаласының айналасында «Жасыл белдеу» құру бағдарламасы аясында «ПҚОП» ЖШС қызметкерлерінің күшімен күзгі кезеңде 1000 дана жеміс және жапырақты көшеттер отырғызылды.  «ПҚОП» компаниясына жақын орналасқан «Қарабастау» елдімекенінде тұрғындардың өтініші бойынша 500 көшет отырғызылды.  

Өндірістік және қаржылық дағдарысқа қарамастан, «ПҚҚР» АҚ Қазалы ауданындағы мүгедек балаларға арналған «Шапағат» оңалту орталығына және Жаңақорған ауданындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған «Балдәурен» балабақшасына қамқорлық жасауды жалғастырды.

Көп жылдардағыдай, ПҚҚР жетім балалар, сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын және тәрбиеленетін «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына қаржылық қолдау көрсетуді жалғастыруда. 

Коронавирустық инфекцияның пандемиясын алдын алу және онымен күресу мақсатында «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ және Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы акционерлерінің шешімі бойынша «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Қазалы ауданаралық ауруханасына оттегі станциясын сатып алу үшін қаржылық қолдау көрсетті. Бұл станцияда тәулігіне 150 оттегі баллонын шығару жоспарлануда, бұл өз кезегінде Арал, Қазалы аудандары мен Байқоңыр қаласындағы емдеу мекемелерін оттегі баллондарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ЖЕТІСТІКТЕР МЕН МАРАПАТТАР

Компанияның аймақтардың дамуына қосқан үлесі мен қызметкерлердің еңбегі республикалық және жергілікті деңгейлерде жыл сайын бағаланады. Қызметкерлердің 90%-нан астамы – Қазақстан азаматтары.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында, «Геолог күні», «Мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлерінің күні», «Энергетик күні» кәсіби мерекелерінде, Қазақстан Республикасы кәсіподақ қозғалысының 115 жылдығының айтулы күндерінде «ПҚҚР» АҚ-тың 159 қызметкері Компания басшылығының атынан идаралық, облыстық, қалалық маңызы бар түрлі марапаттармен марапатталды.

«Мұнай-газ кешені жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ ұйымдастырған «Мұнай-газ өндірісінің озаты – 2019» атағына салалық байқау-конкурстың «Мұнай және газ өндіру бойынша үздік оператор» номинациясы бойынша Құмкөл кен орнының 5-разрядты мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы Ерболат Салымов жеңімпаз атанды. Бұл номинацияға әртүрлі мұнай компанияларының 17 операторы қатысты.

Пандемия кезінде көрсеткен демеушілік көмегі үшін Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің дипломымен «ПҚҚР» АҚ «Жыл демеушісі» номинациясымен марапатталды.

Кәсіпорындарда компания жұмыскерлерін әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, жұмыскерлердің жоғары білім алуға қаржылай көмек көрсету бағдарламасы аясында «ПҚОП» ЖШС басшылығы 30 шәкіртақы бөлді. Зауыт жұмыскерлерінің асырауындағы балаларға стипендиялық бағдарлама бойынша 33 шәкіртақы берілген болатын.    

Өндірістегі жоғары көрсеткіштері мен қауіпсіз еңбек жағдайларын жасағаны үшін «ПҚОП» ЖШС № 1 технологиялық цех операторы Айдар Әміреев «Ерен еңбегі үшін» медалі мемлекеттік марапатына ие болды. Мұнай-газ кешені жұмыскерлері күніне 4 адамға, Тәуелсіздік күніне 5 қызметкерге ҚР ЭМ алғыс хаттары, «ҚМГ» ҰК» АҚ құрмет марапат қағаздары мен естелік белгілері тапсырылды. 

 «ПҚОП» ЖШС әкімшілігі 2020 жылы Ұжымдық шарт талаптарын орындау шеңберінде өзіне алған барлық міндеттемелерді толығымен орындады. 

Жыл соңында кәсіпорын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2020» республикалық конкурсына қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.  Тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысқаны және Covid-19 ауруына қарсы күрес кезеңінде көмек көрсеткені үшін «ПҚОП» ЖШС басшылығына Шымкент қаласы әкімінің атынан, сонымен қатар Шымкент қаласы депутаттарының атынан алғыс хаттар табыс етілді. «ПҚОП» ЖШС «Үздік волонтерлік топ» қозғалысына белсенді қатысқаны үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ дипломымен марапатталды, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ компанияны «Волонтерлік қозғалыстың әлеуметтік жобаларды іске асыруға белсенді қатысқаны үшін» құрмет марапат қағазымен марапаттады. 

Жоғарыда айтылғандай, «ПҚОП» ЖШС-нде дербес сарапшылармен бірге «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КАҚ-пен кешенді технологиялық аудит жүргізілді. «Commission implementing decision» еуропалық анықтамалығына сәйкес келетін кәсіпорынның өндірістік көрсеткіштері мен жаңғырту объектілеріне жоғары баға берілді. Сонымен қатар, ХЖТжИЖО алғыс хатында кәсіпорынның ең озық қолжетімді технологиялар (ОҚТ) деңгейіне өтуге әзірлігінің жоғары дәрежесіне және кәсіпорын мамандарының жоғары біліктілігіне баға берілді.  «ПҚОП» ЖШС «Мұнай-газ компанияларының экологиялық ақпараттың ашықтық рейтингі. 2020 қорытындысы» онлайн рәсіміне қатысты.   Бұл рейтингтің ұйымдастырушылары «БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының» қолдауымен «WWF Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры» болып табылады.  Экологиялық ақпараттың ашықтығы рейтингісінің қорытындысын шығару Ресей, Қазақстан, Әзірбайжанның мұнай-газ компаниялары арасында жүзеге асырылды.  Бұл рейтингте «ПҚОП» ЖШС «ҚМГ ҰК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының 17 компаниясы арасында 4-ші орынды, ҚР мұнай өңдеу компаниялары арасында 1-ші орынды иеленді.  

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz