2025 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров «ПКОП» ЖШС-не жұмыс сапарымен келді. Қауіпсіздік бойынша нұсқамадан өткеннен кейін, БҚжД агенттігінің өкілдері зауыттың өндірістік нысандарын аралап, оның қызметімен және №3 цехтың операторлық жұмысы барысымен танысып өтті. Сапар соңында Омаров М.Т. мырза «ПКОП» ЖШС-не «төмен бағалар, биік жетістіктер және сапалы» мұнай өнімдерін тіледі.
🔸«ПҚОП» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі


