/**/

2025 жылғы 15 сәуірде «ПҚОП» ЖШС өкілдері Оңтүстік Қазақстан Политехникалық колледжінің жоғары курс студенттерімен кездесу өткізді.

2025 жылғы 15 сәуірде «ПҚОП» ЖШС өкілдері Оңтүстік Қазақстан Политехникалық колледжінің жоғары курс студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шараға Персоналды басқару және әкімшілік департаментінің директоры Т.Ф. Жармаханбетов, өндіріс жөніндегі директор Р.Ш. Навесов, бас энергетик бөлімінің бастығы М.А. Ескулов, техникалық бөлім бастығының орынбасары О.К. Шәріп, БӨАмА цехының бастығы А.В. Прокофьев және №1 цехтың механигі М.Б. Мырхайдаров қатысты.

Кездесу барысында компания қызметкерлері студенттерді зауыттың тарихымен, кәсіпорындағы жұмыс ерекшеліктерімен және кадрларды іріктеу қағидаларымен таныстырды. Болашақ мамандар белсенді сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.

Ел Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылына және білікті кадрларды дайындаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Іс-шара соңында «ПҚОП» ЖШС өкілдері студенттерге адал оқып, кәсіби дамуға ұмтылу жөнінде ізгі тілектерін білдірді.

🖊️ «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz