2025 жылғы 24 маусымда Текесу арнасындағы көпірдің салтанатты ашылуы өтті — бұл 2024 жылдың көктемінде орын алған төтенше жағдайдан кейін жүзеге асқан маңызды инфрақұрылымдық жоба. Ол кезде толассыз жауған жаңбыр мен бұрынғы өткелдің өткізу қабілетінің жеткіліксіздігі салдарынан арнадағы су деңгейі көтеріліп, автожол мен тұрғын үйлерді су басты.
Аталмыш жоба «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің қаржылық қолдауымен, компанияның әлеуметтік жауапкершілік стратегиясы аясында жүзеге асты. Жаңа көпір жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және осындай төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.


