/**/

2026 жылғы 2 сәуірде Еңбекші ауданындағы №7 қалалық емханада «Тұзды шахта» кабинеті ашылды. Бұл жоба «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің демеушілік қолдауымен жүзеге асты.

Жаңа сауықтыру кабинеті аудан тұрғындарының тыныс алу жүйесін нығайтуға, иммунитетін көтеруге және суық тию ауруларының алдын алуға мүмкіндік береді. Жоба компанияның әлеуметтік жауапкершілігін айқын көрсетіп, қалалық инфрақұрылымды дамыту мен халық денсаулығына қамқорлық жасау дәстүрін жалғастырады.

Емхана басшылығы медициналық жағдайды жақсартуға қосқан үлесі үшін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-не алғыс білдіріп, бизнес пен денсаулық сақтау саласының серіктестігінің маңыздылығын атап өтті.

«Тұзды шахта» кабинеті тұрғындар арасында сұранысқа ие болып, профилактикалық және сауықтыру шараларында кеңінен қолданылуы күтіледі.

«ПҚОП» ЖШС

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz