Шымкент мұнай өңдеу зауытының 40 жылдық мерейтойына арналған
Шымкент мұнай өңдеу зауытының тарихы
1972 жыл – ЛК-6У қондырғысының салынуы басталды, ол бүгінде зауыттың жүрегі деп аталады. Шымкент мұнай өңдеу зауытын салу жобасының атауы да сондай болды. Бір жыл ішінде стандартты емес жабдық шығаратын цехы салынып, алайда кейін бұл жоба тоқтатылды. Бұл Украина, Ресей, Беларусия сияқты Кеңес Одағының әртүрлі аймақтарындағы бірнеше мұнай өңдеу зауыттарының бір уақытта салынуына байланысты болды.
1976 жыл – құрылыс жұмыстарын қайта жандандыру. Қосалқы цехтар салынып, бүгін № 1 цех болып табылатын негізгі цехқа арналған жабдық келе бастады.
1978 жыл – қаланың өнеркәсіптік аймағын жылу энергиясымен қамтамасыз ететін қолданыстағы ЖЭО-3 сумен жабдықтау, канализация және тазарту құрылғылары цехі, сондай-ақ зауыттың көлік артериясы болып табылатын тауар-шикізаттық цех (ТШЦ) сияқты екі жаңа нысан пайдалануға берілді.
сәуір 1983 жыл – Шымкент мұнай өңдеу зауытында болған тарихи оқиға – мұнайды қабылдау. Оның алғашқы партиясы зауытқа Батыс Сібірден «Омбы – Павлодар – Шымкент» құбыржолы арқылы жеткізіліп, 11 сәуір күні қара алтынның алғашқы құрамы салтанатты түрде тиеліп, теміржол арқылы Ферғана мұнай өңдеу зауытына жөнелтілді. Алғашқы мұнайдың келуімен ЛК-6У кешенінің құрылысы аяқтала бастады.
1984 жыл – тағы бірнеше цех пайдалануға берілді: AОС (азот-оттегі станциясы), ОКС (орталық конденсат станциясы), АКҚ (ауа-компрессор қондырғысы) және ОЗЗ (орталық зауыт зертханасы) бөлімшелері бар БСАҚ(бумен, сумен және ауамен қамту) цехы. Бұл ЛК-6У қондырғысын іске қосу және одан әрі пайдалануды іске асыру мүмкін болмаған нысандар болып табылады. ЛК-6У кешенді қондырғысын іске қосу кезең-кезеңімен өтіп, ал 1984 жылдың желтоқсанында 100-секция (ЭЛОУ-АТ) іске қосылды.
28 қаңтар 1985 жыл – алғашқы Шымкент бензині алынды! Бұл Шымкент мұнай өңдеу зауытының туған күні болды. Жабдықтың жұмысын қамтамасыз ету мақсатында, КСРО-ның Гурьев, Павлодар, Ферғана, Уфа сияқты мұнай өңдейтін әртүрлі аймақтарынан біліктілігі жоғары мамандар шақырылып, олардың еңбегі мен кәсіби біліктілігі арқасында қондырғы қысқа мерзім ішінде пайдалануға беріп, ол іске сәтті қосылды. Бұл мамандардың қатарында С. А. Әмірбеков, В. Н. Коваленко, В. В. Хван, Б. А. Түленов, С. А. Мырзадәулетов болып, кейінірек олар № 1 цехтың негізін құрап, Шымкент мұнай өңдеу зауытының кадрлық іргетасын қалады.
тамыз 1985 жыл – 200 және 300-секциялар сияқты ЛК-6У кешенінің тағы екі секциясы пайдалануға берілді.
қаңтар 1986 жыл – газ бөлу қондырғысы (400-секция) іске қосылды. 1986 жылдың көктемінен бастап Шымкент мұнай өңдеу зауыты өнімнің жоспарлы шығарылуымен бірге толық схема бойынша жұмыс істей бастап, өңдеу қуаттылығын жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізді.
1990 жылдың көктемі – зауытқа Құмкөлден мұнай келді. Бұған дейін зауыт Батыс Сібір мұнайымен жұмыс істеп, оның құрамында күкірт мөлшері орташа, айтарлықтай ауыр, ал парафин мөлшері төмен болған. Зауыт сол мұнайды өңдеу үшін жоспарланып салынған. Бірақ КСРО ыдырағаннан кейін, шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып, Батыс Сібір мұнайы Құмкөл мұнайымен алмастырылды.__
12 ақпан 1996 жыл – Шымкент мемлекеттік мұнай өңдеу зауыты базасында Мемлекеттік мүлік
жөніндегі Оңтүстік Қазақстан аумақтық комитетімен (1993 жылғы 30 желтоқсандағы № 251 қаулы) «Шымкентмұнайоргсинтез» (ШМОС) АҚ құрылды.
1998 жыл – дизельді жанармайды гидротазарту қондырғысы гидродепарафинизация процесінде қайта құрылды. Бұл Құмкөлден алынатын шикізаттың жеңіл, оның күкірті төмен және парафині жоғары (бұрын қолданылған Батыс Сібірлік мұнайға қарағанда) болғандықтан және бастапқы кезеңде дизель жанармайы мен керосинді өндіруде қиындықтар туындағанына байланысты болды. Бүкіл қондырғыны қайта құру арқылы технологиялық процестердің ауыстырылуы «мөлдір» мұнай өнімдерін іріктеуді көбейтумен қатар, өндірілетін дизель жанармайының сұрыптамасын сақтауға мүмкіндік берді.
2000 жыл – Шымкент мұнай өңдеу зауытын «Харрикейн Хайдрокарбонз Лтд.» компаниясы сатып алып, кейіннен ол оның атауын «ПетроҚазақстан» деп өзгертті.
2001 жыл – авиациялық керосин өндірудің жаңа технологиясын енгізу.
2005 жыл – «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясын «Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясының» еншілес бөлімшесі болып табылатын «CNPC» компаниясы сатып алды.
2007 жыл – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өзінің 50% қатысу үлесімен Шымкент мұнай өңдеу зауытының тағы бір акционеріне айналды. Содан бері қазақстандық «ҚМГ» және қытайлық «CNPC» тұлғасындағы екі мемлекеттің ұлттық компаниялары ПҚОП жетістігінің негізі болып табылады.
2014 жыл – ПҚОП-тың даму тарихында жаңа бетті ашқан Шымкент мұнай өңдеу зауытының жаңғырту және қайта құру ауқымды жобасын іске асыру басталды. Екі кезеңнен тұратын жоба жанармай сапасын K4, K5 стандарттарына дейін жақсартуға, өндірістің экологиялық қауіпсіздігіне, зауыттың жобалық қуаттылығын арттыруға және Қазақстан нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақшыл мұнай өнімдерінің көлемін шығаруға бағытталған. Масштабы жағынан жобаны жаңа мұнай өңдеу зауытын салумен салыстыруға бола- ды. Оны іске асыру кезеңінде 6 жаңа негізгі технологиялық қондырғы салынып, 10-ға жуық қосалқы блоктар/ қондырғылар қайта құрылып, тазарту қондырғыларын, айналмалы сумен қамтуды, сұйытылған көмірсутекті газдарды сақтауды және т.б. қоса алғанда, 10-нан астам жалпы зауыт шаруашылығының нысандары салынды. Бұл ауқымды жобаны қаржыландыру «ҚазМұнайГаз – ӨМ» АҚ және «CNPC E&D» паритеттік қарыздары арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, «Қазақстанның даму банкі» АҚ-тан да қарыз алынған болатын. Жобаны іске асыру үшін құйылған инвестициялардың көлемі 1,8 млрд. АҚШ долларын құрады.
2015 жыл – қуаттылығы жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы (УПС-4000) салынды және іске қосылды. Ол ПҚОП-тың жаңа тарихындағы технологиялық тұрғыдан күрделі алғашқы нысан болды. Зауыт өнімдер тобын түйіршікті күкірт сияқты жаңа өнім түрімен кеңейтіп, химиялық және резеңке өндірісінде, ауылшаруашылығы мен фармацевтика өндірісінде қолданылатын күкірттің кеңінен қолданылуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында ілеспе өндірістердің дамуына серпін берді.
23 маусым 2017 жыл – Шымкент мұнай өңдеу зауытында Қазақстандағы алғашқы мұнай өнімдерін автоматтандырылған нүктелік құю қондырғысы (АНҚҚ) іске қосылды. Көмірсутекті буларды рекуперациялау блогы бар автоматтандырылған нүктелік құю қондырғысы экологиялық талаптарды ескере отырып жобаланған және салынған. Оның технологиясы мұнай өнімдерін телескопиялық жабдықтар арқылы вагон-цистерналарға вагондарға тығыз толтыруды қамтамасыз етіп, атмосфераға
30 маусым 2017 жыл – шикізатты алдын ала сумен тазарту блогымен бірге жеңіл бензиндік фракцияларды изомеризациялау қондырғысы сияқты ірі технологиялық нысан пайдалануға беріліп, бұл К4 және К5 экологиялық класындағы автобензин өндірісінің басталуы болды. Осы қондырғының арқасында канцерогендік бензолдың үлесін 5 есе азайту арқылы бензиннің октан саны артты. Оның пайдалануға берілуі Жаңғырту жобасының бірінші кезеңінің сәтті аяқталғанын және Шымкент мұнай өңдеу зауытында 100% жоғары октанды бензин өндірісіне көшкендігін көрсетті.
тамыз 2018 жыл – Жаңғырту жобасының екінші кезеңі аясында бірқатар маңызды оқиғалар болды. Осылайша, 1 тамыз күні RFCC каталитикалық крекинг қондырғысына шикізаттың берілуі, 15 тамыз күні кондицияланған өнімдер өндірісі басталып, 30 тамыз күні екінші кезең нысандардың тәжірибелі пайдалану режиміне толықтай өтуі орын алып, бұл Жаңғырту жобасының аяқталуы болды. Жобаның барлық мақсаттарына қол жеткізіліп, мұны жоғары октанды бензин өндірісінің көрсеткіштері арқылы айқын көруге болады – жаңғыртуға дейінгі
кезеңмен салыстырғанда, А-92 маркалы бензин өндірісі 3,2 есе, ал А-95 және одан жоғары болатын маркалы бензин өндірісі 16 есе артты!
28 қыркүйек 2018 жыл – «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мен қайта құру» жобасының нәтижелерімен танысу үшін Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «ПҚОП» ЖШС-на жұмыс сапарымен барды.
2024 жылғы 23 мамырда Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС және CNPC өкілдері «Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін кеңейту» жобасының жай-күйі мен жоспарланған жұмысы туралы жұмыс кеңесін өткізді. көмірсутек буларының шығарылуын болдырмайды.
30 маусым 2017 жыл – шикізатты алдын ала сумен тазарту блогымен бірге жеңіл бензиндік фракцияларды изомеризациялау қондырғысы сияқты ірі технологиялық нысан пайдалануға беріліп, бұл К4 және К5 экологиялық класындағы автобензин өндірісінің басталуы болды. Осы қондырғының арқасында канцерогендік бензолдың үлесін 5 есе азайту арқылы бензиннің октан саны артты. Оның пайдалануға берілуі Жаңғырту жобасының бірінші кезеңінің сәтті аяқталғанын және Шымкент мұнай өңдеу зауытында 100% жоғары октанды бензин өндірісіне көшкендігін көрсетті.
тамыз 2018 жыл – Жаңғырту жобасының екінші кезеңі аясында бірқатар маңызды оқиғалар болды. Осылайша, 1 тамыз күні RFCC каталитикалық крекинг қондырғысына шикізаттың берілуі, 15 тамыз күні кондицияланған өнімдер өндірісі басталып, 30 тамыз күні екінші кезең нысандардың тәжірибелі пайдалану режиміне толықтай өтуі орын алып, бұл Жаңғырту жобасының аяқталуы болды. Жобаның барлық мақсаттарына қол жеткізіліп, мұны жоғары октанды бензин өндірісінің көрсеткіштері арқылы айқын көруге болады – жаңғыртуға дейінгі кезеңмен салыстырғанда, А-92 маркалы бензин өндірісі 3,2 есе, ал А-95 және одан жоғары болатын маркалы бензин өндірісі 16 есе артты!
28 қыркүйек 2018 жыл – «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мен қайта құру» жобасының нәтижелерімен танысу үшін Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «ПҚОП» ЖШС-на жұмыс сапарымен барды.
2024 жылғы 23 мамырда Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС және CNPC өкілдері «Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін кеңейту» жобасының жай-күйі мен жоспарланған жұмысы туралы жұмыс кеңесін өткізді. Шымкентского НПЗ до 12 млн. тонн нефти в год».