Құмкөлдің 40 жылдығы
Негізгі оқиғалардың хронологиясы
1982 жыл. «Оңтүстікқазгеология» ПГО, «Қазгеофизика» және Қазақ КСР Ғылым академиясының Геология және мұнай институты Оңтүстік Торғай ойпатында кешенді геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу бағдарламасын әзірледі.
1983 жыл. Оңтүстік Қазақстан мұнай барлау экспедициясы Құмкөлде алғашқы терең барлау ұңғымасын бұрғылады.
1984 жылдың қысы. Я. Камалутдинов бригадасы алғашқы мұнай фонтанына қол жеткізді.
1985 жылғы 6 маусым. КСРО Мұнай өнеркәсібі министрінің «Қазақ КСР-індегі Құмкөл кен орнын игеруге дайындау және пайдалануға беру жұмыстарын ұйымдастыру туралы» бұйрығы шықты. Осы құжатқа сәйкес «ҚазНИПИнефть» және «Южгипронефтепровод» институттары «Құмкөл кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру кезіндегі жайластыру» жобасын әзірлеуге кірісті.
1986 жыл. «Маңғышлақнефть» өндірістік бірлестігі жанынан кен орнын игеруге жауапты «Құмкөл» күрделі құрылыс бөлімі құрылды. Бөлім басшысы болып ПО «Маңғышлақнефть» бас директорының орынбасары болған М.Г. Саламатов тағайындалды. Бұл күн Құмкөлдің өнеркәсіптік игерілуінің басталуы болып есептеледі.
1987 жылғы маусым. Құмкөлде алғашқы мұнай мұнарасы көтерілді.
1987 жылғы 24 желтоқсан. Қызылорда қаласында «Құмкөлмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы (МГӨБ) құрылды. Басқарма бастығы болып Мұрат Саламатов, бас инженері – Жеңіс Жалғасов, бас геологы – Кенхан Айдарбеков тағайындалды.
1990 жылғы 9 мамыр. «Омбы – Шымкент» мұнай құбыры арқылы Шымкент МӨЗ-іне Құмкөл мұнайының алғашқы тоннасы жеткізілді.















1991 жылғы 21 наурыз. «Құмкөлмұнай» МГӨБ «Оңтүстікқазнефтегаз» өндірістік бірлестігіне (ЮНГ) айналды. ЮНГ-тың қарамағына Оңтүстік Қазақстандағы барлық мұнай және газ кен орындарын игеру өтті.
1991 жылғы маусым. Алғашқы бір миллион тонна мұнай өндірілді.
1994 жыл. Мұрат Саламатов мұнай-газ өнеркәсібі бойынша Бірінші вице-министр болып тағайындалды. «ЮНГ» АҚ Президенті қызметіне өндірісті ұйымдастырушы ретінде танылған Роберт Бердыгужин тағайындалды.
1996 жыл. Құмкөл үшін айтулы жыл: өнеркәсіптік игерудің 10 жылдығы және 10 миллион тонна мұнай өндіру көрсеткішіне қол жеткізілді.
1996 жылғы 4 желтоқсан. ҚР Министрлер Кабинеті «Оңтүстiкнефтегаз» АҚ-ны «Hurricane Hydrocarbons Limited» компаниясына жекешелендіру туралы қаулы қабылдады.
1997 жылғы сәуір. «Оңтүстiкнефтегаз» компаниясы «Hurricane Kumkol Munai» деп қайта аталып, оның Президенті болып Кит Маккрей сайланды.
2001 жылғы маусым. Компания «ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы болып қайта аталды.
2005 жылғы қазан. «ПетроКазахстан Инк.» компаниясының жаңа иесі — Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясы (CNPC) болды.
2006 жылғы шілде. «ПетроКазахстан» компаниясының екінші акционері ретінде 33% үлеспен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ кірді.
2011 жылғы қыркүйек. Құмкөл кен орнын өнеркәсіптік игерудің 25 жылдығы аталып өтті.
2026 жыл. Құмкөл кен орнын өнеркәсіптік игерудің 35 жылдығы атап өтіледі.











