/**/

Energy Challenge 2008

2008 жылғы қыркүйектің 5-і мен 7-сі аралығында «Бурабай» ұлттық паркі аумағында BG Kazakhstan компаниясы REDROCK International компаниясының көмектесуімен ұйымдастырған BG Energy Challenge 2008 – Kazakhstan атты қайырымдылық жобадағы жыл сайынғы спорттық сайыстар өтті. Қазақстанның энергетика секторымен байланысты және сол салада жұмыс істейтін компаниялар атынан 36 команда BG Energy Challenge 2008 – Kazakhstan жобасының екі күндік жарыстарына қатысты. Біздің республикада BG Kazakhstan компаниясы үшінші жыл қатарынан өткізіп келе жатқан осы жоба халықаралық спорттық командалық жарыстардан тұрады. Осындай жарыстар (іс-шаралар) жыл сайын Ұлыбритания, Бразилия, Египет, Оман, Тринидад және Тобаго мемлекеттерінде де өткізіледі. Бұл қайырымдылық жобаның негізгі мақсаты қазақстандық мүгедек спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуы үшін ҚР Ұлттық Паралимпиялық комитетіне қаржы жинау болып табылады. Осы жылғы спорттық жарыстарға «ҚазМұнайГаз», Air Astana, Agip KCO, Deloitte, PetroKazakhstan, Shell, Karachaganak Petroleum Operating, KEGOC, ExxonMobil, Worley Parsons, ConocoPhillips, «ҚазТранс-Газ», BI-Group, Schlumberger, «Интергаз Орталық Азия», «Грата», Amec, «Самек Интернэшнл» сияқты еліміздің әртүрлі компанияларының 200-ге жуық қызметкерлері және «КУРСИВъ», «Казахстанская правда», «Новое поколение», «Капитал», «Европа Плюс Қазақстан», «Инфо-Цес», «Қазақстандағы МК», «Япырай» сияқты республикалық БАҚ-ның журналистерінен құралған екі команда қатысты. Бұл жылғы қатысушы командалар 15 бақылау пунктерінен бірінен кейін бірін өтіп, арқанмен тартылған көпірлерден өтіп, түнгі уақытта қайықпен жүзіп, қиын жерлерде жаяу және велосипедпен жүріп GPS-бағыттауышының (навигаторының) көмегімен дұрыс бағыт табуға, логикалық және стратегиялық тапсырмаларды шешуден жарысты. Қиын жағдайларға шыдамдылық, логикалық ойлау, стреске төзімділік, қысқа уақыт ішінде берілген тапсырмалардың ең дұрыс шешімін таба білу қасиеттері – осындай жарыстарда жеңіске жетудің алғышарттары болып табылады. Жарыстың бес кезеңінің қорытындысы бойынша келесі категорияларда жеңіске жеткен командалар: – Жалпы қорытынды бойынша жеңімпаз команда: – Karachaganak 1 командасы; – Ең үздік қыздар командасы: Worley Parsons Economics командасы; – Ең үздік ерлер командасы: BG Kazakh Stallions командасы; – Ең үздік аралас команда: BG ZAVAL командасы; – Қатысушыларының жасы 30 жастан төмен команда: Worley Parsons One Way командасы; – +200 – Snow Leopards Amec LLP командасы; – Ең үздік командалық рух – COPS ConocoPhillips командасында; – Қайырымдылық кубогы – Karachaganak Petroleum Operating командасында. PetroKazakhstan компаниясының командасы жүлделі бесінші орынға ие болды. ПКОП ЖШС атынан командаға төмендегі қызметкерлер қатысты: Қайырбеков Талғат – ТКБ Кедендік ресімдеу тобының маманы, Романенко Владимир – ТКБ ТЖУ бекетінің бұрып ауыстыру кезекшісі, Төлембетов Нұржан – Сатып алу бөлімінің маманы және Өнеров Руслан – МРББ экспедиторы. Жиналған барлық қаржылар ҚР Ұлттық Паралимпиялық комитетінің қорына аударылатын болады.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz