/**/

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ – КОМПАНИЯ МАҚТАНЫШЫ

26 қараша күні «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясында Қаржыгерлер күні мен Бұрғылаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл кездесу компанияның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын мамандарға олардың қажырлы еңбегі, жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдіруге себепші болды.

Іс-шараға қатысушыларға «ПҚҚР» АҚ басқарма төрағасы Чжу Айцзюнь мырза құттықтау лебізін арнады. Ол әрбір жұмыскердің компания қызметіне қосып отырған үлесінің маңыздылығын атап өтіп, командалық жұмыстың, кәсіби құзыреттіліктің және өз ісіне деген адалдықтың айрықша рөліне тоқталды. Сондай-ақ жұмыскерлерге алдағы уақытта толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тіледі.
Қаржы қызметі кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде, ресурстарды тиімді басқаруда, қаржылық операциялардың дәлдігі мен сенімділігін сақтауда, сондай-ақ негізделген шешімдер қабылдауда маңызды рөл атқарады. Ал бұрғылаушылардың еңбегі – жоғары кәсібилікті, терең техникалық білімді, төзімділік пен жауапкершілікті талап ететін аса маңызды қызмет. Өйткені өндірістік міндеттердің ойдағыдай орындалуы көп жағдайда олардың шеберлігі мен біліктілігіне байланысты.
Кәсіби еңбегін лайықты бағалау, адал қызметі мен компанияның дамуына қосқан үлесін мойындау мақсатында бірқатар жұмыскер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның марапаттарына ие болды.
Қаржы жүйесі саласының жұмыскерлері күніне орай марапатталғандар:

  • Айтбай Абзал Алтынбекұлы, Топ жетекшісі — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ естелік белгісі;
  • Жұмағанбетов Талғат Тоқтасынұлы, қаржы департаментінің маманы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасы;
  • Пірімбетов Азамат Мадиярұлы, күрделі шығындарды есепке алу тобының жетекшісі – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасы;
  • Аушен Мадина Нұрахметқызы, қаржы департаментінің аға маманы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ алғыс хаты.

Бұрғылаушылар күніне орай марапат иелері:

  • Мәмбетов Мұрат Ералыұлы, бұрғылау және ұңғымаларды күрделі жөндеу тобының жетекші инженері –  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ естелік белгісі;
  • Ізетов Айдос Қалжанұлы, «Technology ӘлемОйл» ЖШС техникалық директоры – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ естелік белгісі;
  • Назарбаев Қайрат Ерболатұлы, «Ұлы қабырға» бұрғылау компаниясы» ЖШС пайдалану және барлау ұңғымаларын бұрғылаушысы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасы;

Сонымен қатар, Республика күніне орай өткізілген мерекелік іс-шара аясында Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен қауіпсіздік және активтерді қорғау қызметі директорының орынбасары Чжан Вэй мырза марапатталды.

Марапат иелерін «ПҚҚР» АҚ кәсіподақ комитетінің төрайымы Бақытжан Мұқашева ханым да құттықтап, жұмыскерлерге зор денсаулық, отбасыларына амандық пен бақ-береке, еңбектеріне табыс және кәсіби биіктерді бағындыру жолында жаңа жетістіктер тіледі. Қызылорда облысының кәсіподақ орталығы атынан «Адал еңбегі үшін» медалімен ҰКЖЖ тобының жетекшісі Батталов Мақсұт Болатұлы наградталды.

«ПҚҚР» АҚ басқарма төрағасының өндіру жөніндегі орынбасары Екатерина Осипова ханым мен қауіпсіздік және активтерді қорғау қызметі директорының орынбасары Чжан Вэй мырза қаржыгерлер мен бұрғылаушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қажырлы еңбегі, жоғары жауапкершілігі және ортақ іске қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Бұл іс-шара жұмыскерлердің ортақ іске қосқан үлесіне деген алғыс пен құрметтің, корпоративтік рухты нығайтудың және еңбек адамын қадірлеу дәстүрін дәріптеудің жарқын көрінісі болды. Әртүрлі мамандық иелерін ортақ мақсат біріктіреді. Ол – өз жұмысына жауапкершілікпен қарау, таңдаған кәсібіне адалдық таныту және компанияның тұрақты дамуына үлес қосуға ұмтылу.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz