/**/

«ПЕТРОҚАЗАҚСТАН-2022» Спартакиадасы аяқталды

4 қыркүйек күні «ПетроҚазақстан» спорт кешенінде мұнай-газ өнеркәсібі жұмыскерлерінің күніне арналған «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясының бөлімшелері арасында «ПетроҚазақстан-2022» спартакиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

6 тамызда басталған спартакиада ойындарына «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясының 11 бөлімшесінен 300-ге жуық мұнайшы спортшы қатысты. Олар спорттың тоғыз түрінен, атап айтқанда: шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, армрестлинг, жүзу, жеңіл атлетика, бильярд, волейбол және шағын футболдан өздерінің спорттық дағдыларын көрсетті.  

Салтанатты жабылу рәсімінде қатысушылардың жүздері шат-шадыман: мұнда ешкім жеңіліс тапқан жоқ – жеңіс тұғырынан спорт, корпоративтік рух, әріптестермен қарым-қатынас қуанышы көрінді. Барлығы сергек әрі тың іспетті.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне мемлекеттік органдармен жұмыс жасау департаментінің директоры Тілеуберген Шаутай, басқарма төрағасының қаржылық мәселелер жөніндегі орынбасары Қуаныш Әжібеков, кәсіподақ комитетінің төрайымы Бақыт Мұқашева қатысты.

Шаутай Тілеуберген өзінің құттықтау сөзінде спорттағы жеңістер тек мықтыларды анықтап қана қоймай, мықты корпоративтік рухты да көрсететінін атап өтіп, өз лебізін жеткізді: «Мұнайшылардың кәсіби мерекесіне арналған спартакиадаға қатысушыларды құттықтаймын! Сіздер барлығына нағыз мереке сыйладыңыздар; «ПетроҚазақстан» компаниясы жұмыскерлерінің қандай бола алатынын көрсеттіңіздер. Турнир қаншалықты қызу тартысты болса да, спорт алаңдарының барлығы достық атмосферасына бөленді».

Қорытынды бойыншы, барлық жарыс маусымының қорытындысы бойынша күміс және қола жүлдегерлерден 9 ұпайға оза шауып, турнир кестесінде 89 ұпай жинаған «Қаржы департаменті» командасы 2022 жылғы спартакиаданың жеңімпазы атанып, жеңімпаз Кубогын иеленді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz