/**/

РАУШАН ЖҰБАНИЯЗ – «2023 ЖЫЛДЫҢ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЗДІК ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОРЫ»

Химиялық талдау жөніндегі 3-разрядты зертханашы Раушан Жұбанияз ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған республикалық конкурста «2023 жылдың еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» болып танылды.

Ағымдағы жылдың 31 қаңтары күні ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің қорытынды отырысы аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдары мен кәсіподақ сауықтыру орындары арасында өткен «Қауіпсіз еңбек саласындағы 2023 жылдың үздік көшбасшы кәсіподақ ұйымы», «2023 жылдың еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» және «Жылдың үздік шипажайы» атты үш республикалық конкурстың қорытындылары шығарылды. Жеңімпаздарға марапаттарды Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин табыстады. 

ҚР Кәсіподақтар федерациясы өткен 2023 жылды қауіпсіз еңбек жылы деп жариялады. Осы қолдаумен республикалық деңгейде тақырыптық конкурстар өткізілді.

 Конкурс қорытындысы бойынша Атырау мұнай өңдеу зауытының кәсіподақ ұйымы «Үздік кәсіподақ ұйымы» атанды. Кәсіподақтың техникалық инспекторлары да өз жетістіктерімен жарысқа түсті. Нақты сектор экономикасы салаларындағы кәсіпорындар арасында өткен «2023 жылдың еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» конкурсының нәтижесі бойынша төмендегілер марапатталды: Қостанай облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағына қарасты «Успеновское» шаруа қожалығының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор Лариса Зубченко, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы РАУШАН ЖҰБАНИЯЗ және «Қостанай минералдары» АҚ қоғамдық бірлестігінің «Хризотил» филиалының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Владимир Штукерт. Байқау жеңімпаздарына диплом және 150 000 теңге ақшалай сертификат табыс етілді.

«Жылдың үздік шипажайы» конкурсының жеңімпазы ретінде комиссия «Щучинский» шипажайын лайық деп таныды.

Марапаттау рәсімін аяқтай отырып, ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ мүшелерін сауықтыру және оңалту саласында және кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға қосқан үлесі үшін конкурс жеңімпаздарына алғысын білдірді.

Жұртшылықпен байланыс бөлімі
интернет-ресурстары деректерінен алып дайындаған

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz