/**/

«ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІПОДАҚ» кубогы ҮшІн волейболдан Өткен турнир

«ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІПОДАҚ» кубогы ҮшІн волейболдан Өткен турнир

Алматыда ағымдағы жылдың 26-27 мамыры күндері «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» (бұдан әрі – ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІПОДАҚ) қоғамдық бірлестігі «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 20 жылдығына және Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының «Әлеуметтік серіктестік жылына» арналған 40+ ардагерлер арасындағы волейболдан «KMGPROF CUP 2022» республикалық турнирін өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спорт кешенінде осы бір айтулы кәсіподақтық атақты жеңіп алу үшін дене шынықтыру спорт саласының ардагерлері, елімізде жетекші саналатын мына төмендегідей 9 мұнай, газ және мұнай-газ көлік компанияларының: «QazaqGaz», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамдарының, «Теңізшевройл», «ҚазГерМұнай» БК, «Азия Газ құбыры», «Павлодар мұнай-химия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалының волейбол әуесқойлары жиналды.      

Командалар екі шағын топтарға бөлінді. Өзінің шағын тобында «ПҚҚР» АҚ командасы «ҚазТрансОйл» АҚ командасын ұтып тұрып, «Азия Газ құбыры» және «Маңғыстаумұнайгаз» командаларына есе жіберіп, плей-офф кезеңіне өте алмай қалды.  

Ойындардың нәтижелері бойынша республикалық турнирдің лайықты жеңімпазы әрі «ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІПОДАҚ КУБОГЫНЫҢ» иегері атағын «Теңізшевройл» ЖШС-нің (Атырау қаласы) ардагерлер командасы иеленді. ІІ орынның лайықты иегері болып «Азия Газ құбыры» ЖШС-нің газ мамандарынан құралған волейбол дружинасы (Алматы қаласы) атанды. Жүлдегерлердің үштігін «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ-ның (Нұр-Сұлтан қаласы) келешегі зор ұйымшыл ардагерлер командасы түйіндеді. 

Біздің команда алтыншы орынға жайғасып, «Жеңіске деген жігері үшін!» кубогымен марапатталды.

«KMGPROF CUP 2022» волейбол турнирін ұйымдастырушылардың басты мақсатына қол жеткізілді – осылайша мұнайшылар мен газ мамандары, жарысқа қатысушылар өз құрама командаларының сапында жоғары дәрежедегі корпоративтік рухты, ұйымшылдық пен айрықша спорттық шеберліктерін, тактикалық және техникалық әралуандықты, мақсатқа ұмтылушылық пен жеңіске деген құлшыныстарын паш етті. 

Компания басшылығы мен «ПҚҚР» АҚ кәсіподақ комитетіне әріптестеріміздің осындай айтулы спорттық іс-шараға қатысуына мүмкіндік жасағаны үшін алғысымызды білдіреміз.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz