2026 жылғы 4 қыркүйекте Қызылордада Құмкөл кен орнын өнеркәсіптік игерулуінің 40 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараны ПетроҚазақстан компаниясы Қызылорда облысының Әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Құмкөл — игерілуі Қызылорда облысы мен Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына елеулі үлес қосқан тарихи кен орны. Көптеген мамандар осы Құмкөл шаңырағынан шыққан еді, себебі дәл осы жерде тек өндірістік инфрақұрылым ғана емес, сала мамандары қоғамдастығының да негізі қаланды.
Құмкөлдің 40 жылдық мерейтойы — бұл ең алдымен адамдардың тарихы, сондықтан ерекше назар кен орнын игерудің бастауында тұрған, өндірістік инфрақұрылымды құрған және онжылдықтар бойы кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз еткен Құмкөл ардагерлеріне, сондай-ақ саланың игілігі үшін еңбегін жалғастырып жатқан қызметкерлерге бөлінді.
Іс-шара барысында мұнай саласының ардагерлері мен үздік мамандар мұнай-газ секторын дамытуға қосқан елеулі үлесі және жоғары өндірістік жетістіктері үшін мемлекеттік және салалық марапаттарды алды.
Мерейтойлық іс-шара Өнер Орталығында өтті. Оған Қызылорда облысының Әкімі Ергешбаев М.Н., акционерлер атынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Хасенов А.Ғ., CNPC Kazakhstan Бас директоры Ян Миньюй, ПҚҚР Президенті Чэнь Даю, сала ардагерлері, ПҚҚР қызметкерлері, өңірдегі мұнай компанияларының өкілдері, әлеуметтік жобалар бойынша серіктестер және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Бағдарлама салтанатты концертпен аяқталды.