/**/

COVID- 19 ауруымен күресу кезінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС компаниясының өңір қызметін қолдауы.

«ПҚОП» ЖШС-ның баспасөз қызметі

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Қазақстан Республикасында болған пандемия кезінде Шымкент қаласының медициналық мекемелеріне ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) аппараттарын сатып алуға 100 млн теңге бөліп, қаланың әкімдігіне қолдау көрсетті, оған қоса, компания 4000 медициналық маскамен және 300 қорғау костюмдерін табыстаған болатын.

Covid-19 ауруымен күресуде алдыңғы шепте тұрған № 2 қалалық аурухананың провизорлық стационары 10 мың медициналық маска мен 1000 қорғау костюмдері түріндегі гуманитарлық көмек алған болатын. Компания өкілі Ринат Ақбердиев коронавирустық инфекциямен күресудегі өз кәсіби борышын абыроймен орындайтын барлық дәрігерлерге алғыс білдіріп, компания тарапынан көрсетілетін көмектің болашақта да жалғасатынын атап өтті.

«ПҚОП» ЖШС Шымкент қаласының жастар ресурстық орталығымен бірге пандемия кезінде аз қамтылған отбасыларды азық-түліктермен қамтамасыз ету мақсатында, «Жанға жылу» атты қайырымдылық акциясын тағы бір рет өткізді. Компанияның жас жұмыскерлері барлық санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік шараларын сақтап, қайырымдылық іс-шараға қатысты. Бұл акция «Біз біргеміз» акциясын қолдау аясында өткізілген болатын.

«ПҚОП» ЖШС-ның баспасөз қызметі

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz