ресми сайт
ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНЕН ЭНЕРГИЯ ӨНДІРУ

«ПКОП» ЖШС-ның Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы саясатын (сілтемені ашу) іске асыру үшін, сондай-ақ ҚР СТ ISO 50001-2012 стандартының талаптарын қатаң сақтау арқылы энергия ресурстарын пайдалануға байланысты болатын апатты жағдайлардың туындау қауіптерін азайту үшін «ПКОП» ЖШС өз алдына келесі мақсаттарды қояды:

Энергия ресурстарын тұтыну көлемін азайту және ұтымды пайдалану, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергия тиімділігін арттыру және энергия тұтыну саласындағы талаптардың сақталуына өндірістік бақылауды күшейту.

Энергия үнемдейтін заманауи жабдықтар мен технологияларды енгізу және пайдалану арқылы энергия ресурстарын пайдалануға байланысты болатын қауіптіліктерді (тәуекелділіктерді) азайту

Энергия тұтынуды бақылау, негізсіз шығындарды болдырмау, экономикалық тиімділікті, өнімділікті жоғарылату және жабдықтарды пайдалану процедураларын қайта қарау және жетілдіру арқылы еңбек жағдайларын жақсарту, персоналды ынталандыру және оқыту
«ПКОП» ЖШС-да 2019 жылғы 16 шілдеден бастап күн электр стансасы пайдалануға енгізілген. Сондай-ақ 2019 жылы кәсіпорынды жаңғырту қондырғыларының құрамында электр энергиясын өндіретін (қуат өндіретін) жетектер – турбодетандер мен бутурбогенераторы енгізілген. 2022 жылы жаңартылатын энергия көздерінен өндірілген энергияның жалпы көлемі өндіру көздері бойынша бөліп көрсеткенде келесідей болды
- Күн панельдерінен өндірілген электр энергиясы – 75 727 кВт.сағ.
- Термоэнергогенераторлармен өндірілген электр энергиясы – 113 997 575 кВт.сағ.
- Жарықтандыру шамдары (10 дана) үшін жел-күн генераторларынан өндірілген электр энергиясының орташа көлемі 0,330 кВтсағ. (әр шамның қуаты 100Вт, түнгі уақытта 8 сағат энергия тұтынады)