КЕН ОРЫНДАРЫН ДАМЫТУ
Қазіргі уақытта «ПетроҚазақстан» компаниясы Құмкөл (оңтүстік-шығыс бөлігі), Құмкөл Оңтүстік, Солтүстік Нұралы, Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ, Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ, Қарабұлақ, Бұхарсай және Солтүстік Қарабұлақ кеніштерінде КС өндіруге арналған келісімшарттарды иеленеді.
Сонымен бірге тиісті материалдық базасы, кәсіби біліктілігі, дағдылары, жұмыс күші және барлық басқа да құралдары бар компания «Көлжан» ЖШС және “ТМГО” ЖШС, соның ішінде Солтүстік-Батыс Қызылқия, Батыс Тұзкөл, Кетеқазған Солтүстік, Тұзкөл және Кетеқазған Батыс кеніштерінде өндіру және бағалау; «ПетроҚазақстан Венчерс Инк.» компаниясына Оңтүстік-Шығыс Досжан, Оңтүстік Досжан және Солтүстік-Шығыс Досжан кеніштерінде қызмет көрсетіп келеді.
Бүгінгі таңда ПетроҚазақстан компаниясы ҚР Энергетика министрлігімен Солтүстік Қарабұлақ кенішін өнеркәсіптік игеруге дайындау, жобалық құжаттарды бекіту және КС өндіруге келісімшарт жасасу жұмыстарын жүргізуде.