ресми сайт

ӨТЕМАҚЫЛАР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР

Біздің қызметкерлерімізді компанияның табысқа жету жолындағы негізгі құндылық және басты қозғаушы күш ретінде қарастыра отырып, «ПетроҚазақстан» еңбек сапасына ақы төлеу қағидатын күшейтетін, ішкі және сыртқы төлемақы төлеу әділдігін, өтемақы топтамаларының бәсекеге қабілеттілігін қолдайтын және жұмыстың айрықша сапасын тануды қамтамасыз етуді қамтитын кең ауқымды сыйақы жүйесін құру жөніндегі іс-шараларды іске асырады.

«ПетроҚазақстанның» сыйақы жүйесі келесі элементтерден тұрады:

Өтемақылар

«ПетроҚазақстан» жалақы құрылымы аясында оны әкімшілендіру жөнінде нақты нұсқаулар ұсына отырып, төлемнің ішкі әділдігін қамтамасыз ететін жүйені енгізді. Грейдтерде лауазымдарды бөлу орындалатын жұмыстың сипатына, жұмыстың күрделілігіне, жауапкершілік деңгейіне және т. б. байланысты анықталады. Бұл жүйе сондай-ақ еңбек нарығына мониторинг жасау жолымен төлем деңгейлерінің сыртқы әділдігі мен бәсекеге қабілеттілігін қолдайды.«ПетроҚазақстан» базалық жалақыны бәсекеге қабілетті деңгейде ұстаумен қатар, төлемнің тиісті заңнама талаптарына сәйкес болуына кепілдік береді.
Корпоративтік сыйақы жүйесі компанияның тұрақты дамуын арттыру үшін әзірленді. Сыйлықақы төлеудің шарты негізгі өндірістік міндеттерді орындау болып табылады. Сыйлықақы төлемдерінің жеке жүйесі жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын көрсету үшін арнайы өндірістік жұмысшыларға арналып жасалды. «ПетроҚазақстанның» барлық сыйақылық төлемдері барлық персоналдың немесе жекелеген топтардың белгіленген өндірістік мақсаттарға қол жеткізуге, өнімділікті арттыруға және командалық жұмысты нығайтуға ұмтылудағы бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіруге бағытталған.

Жеңілдіктер

Компания өз жұмыскерлері үшін кең ауқымды жеңілдіктерді ұсынады.
* аймаққа және/немесе заңды критерийлерге байланысты

Жұмыс сапасын басқару және тану

Жұмыс сапасы үшін төлем принципін қолдануды қамтамасыз ете отырып, компания барлық қызметкерлердің жалақысының жыл сайынғы өсімінің сапаны бағалау бағдарламасының нәтижелеріне тәуелділігін бекітті. Мұндай жүйе жеке жалақы деңгейіне ғана емес, мансаптық өсуге де әсер етуге мүмкіндік береді: іріктеу және жалдау процесінде ең жоғары баға алған қызметкерлерге басымдық беріледі.
Сонымен қатар, жекелеген қызметкерлердің ерекше жұмысын және командалық жетістіктерін тану үшін компанияда «”Үздік қызметкерлерге арналған сыйлықақы»” бағдарламасы құрылды. Ол ПетроҚазақстан компаниясының табысына үлкен үлес қосқан, ірі маңызды жобаларды аяқтаған, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануға, бизнес-процестерді, қауіпсіздік техникасын жақсартуға және т. б. рационализаторлық ұсыныстар енгізген қызметкерлерді көтермелеу үшін қызмет етеді.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz