ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
«ПКОП» ЖШС-да бағдарламаға сәйкес энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу жобалары енгізілген. ҚР ЭжТРМ ЭРжБК-мен келісілген, Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы бойынша іс-шаралар іске асырылуда (2025-2034 жылдарға арналған экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы). Компанияның табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыруға жұмсайтын қаржысының жыл сайын өсу динамикасы байқалады.
ҚР жаңа Су кодексінің талаптарына сәйкес болу, су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың тиімділігін арттыру, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ су алуды азайту, суды қайта пайдалануды ұлғайту және ластаушы заттар шығарындыларының көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар мен нысаналы көрсеткіштерді айқындау үшін 2035 жылға дейінгі кезеңге арналған су ресурстарын басқару жөніндегі бағдарлама әзірленді.
Бағдарламаның мақсаты 10 жылдық кезең ішінде су алу / су тұтыну көлемін азайту, суды қайта пайдалануды ұлғайту, сондай-ақ ағызынды суларды ағызу көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар мен нысаналы көрсеткіштерді белгілеу болып табылады.
Қоршаған ортаға эмиссияға төлем динамикасы, млн. Тг