ресми сайт

ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ (ҚжЕҚ)

Компанияның ҚжЕҚ саласындағы жетекші қағидалары:

  1. ҚЕҚОҚ талаптары – кез келген шешім қабылдаудағы басымдық.
  2. Қауіпсіз жұмыс істеу – жұмысқа жалдаудағы қажетті талап.
  3. Жұмыскерлер өздерінің еңбек қызметі барысында жұмыс берушінің актілерінде белгіленген ҚЕҚОҚ талаптарын білуге және орындауға міндетті.
  4. Компания өз қызметін бағалау кезінде, сондай-ақ жұмыскерлерді ынталандыру жөніндегі Компанияның барлық бағдарламаларында жұмыскерлердің ҚЕҚОҚ бойынша көрсеткіштерін ескеруге міндетті.
  5. Компания өз жұмыскерлеріне ҚЕҚОҚ бойынша оқытуды ұсынуға міндетті, ал жұмыскерлер заңнама талаптарына сәйкес ҚЕҚОҚ бойынша осындай оқыту мен білімді тексеруден өтуге міндетті.
  6. Барлық деңгейі жұмыскерлері өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде ҚЕҚОҚ-тың талаптарын сақтауға тікелей жауапты.
  7. Барлық деңгей басшылары ҚЕҚОҚ бойынша аудиттерге және тексерулерге жеке қатысулары қажет.
  8. Барлық деңгейдегі басшылар, қызметкерлермен бірлесіп, жұмыс орындарындағы қауіпті анықтауға, тәуекелдерді бағалауға және бақылауға қатысуға міндетті.
  9. Барлық қауіптер іс жүзінде мүмкін болатын көлемде уақтылы жойылуы керек.
  10. Болған барлық оқиғалар мен әлеуетті қауіпті жағдайларды ескеру, тергеу, талдау және олардың салдары жойылуы керек.
  11. Мердігерлік ұйымдардың басқаруында ҚЕҚОҚ бойынша бірыңғай стандарттары қолданылу тиіс. БОТОС бойынша қызмет көрсеткіштері тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерді іріктеу кезінде ескерілуі тиіс.
Компанияның жетекші қағидаларын жүзеге асыру мақсатында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де (бұдан әрі «ПҚОП» ЖШС) ҚЕҚОҚ мәселелерін басқарудың біріктірілген құрылымы («АМАН» жобасы) енгізіліп, оның құрамында Жоғары көрсеткіштер жөніндегі комитет пен Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы келесі қосалқы комитеттер құрылды:
нұсқаулықтар, ережелер мен рәсімдер жөніндегі қосалқы комитет
оқыту және дамыту жөніндегі қосалқы комитет
ақпараттандыру және ынталандыру жөніндегі қосалқы комитет
қауіпсіздік саласындағы тиімділікті басқару және талдау жөніндегі қосалқы комитет
қауіпсіз жұмысы жөніндегі қосалқы комитет
жабдықтардың сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қосалқы комитет
Қосалқы комитеттердің жұмысы шеңберінде келесі үздік практикалар енгізілді:
қауіпсіздік саласындағы мінез-құлық бақылауларын (соның ішінде Көлік жүргізу қауіпсіздігін сақтауға бағытталған мінез-құлық бақылауларын) жүргізу
ҚжЕҚ бойынша алтын ережелер мен нөлдік төзімділік ережелері дайындалды
«ПҚОП» ЖШС ҚЕҚОҚ ережелерін сақтау бойынша Жетекшілік мен адалдық кодексі әзірленді
ҚжЕҚ саласындағы негізгі тиімділік көрсеткіштері бойынша мониторинг және есептілік жүйесі енгізілді
аумақта ҚЕҚОҚ бойынша ақпараттық стендтер және зауыттың өтпелі жерінде тәуліктік ақпараттық таблосы орнатылды
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тапсырмасы бойынша «ҚОРҒАУ» картасын пайдалану жөніндегі регламенті әзірленеді.
ISO 14001, ISO 9001, ISO 45001 халықаралық стандарттарына сәйкес «ПКОП» ЖШС-да төменде көрсетілген құжатталған процедуралар әзірленген:
Компанияда «Әлеуетті қауіпті жағдайлар, қауіпсіз емес жағдайлар мен әрекеттер жөнінде хабарлаған жұмыскерлерді ынталандыру бағдарламасы» белсенді жүзеге асырылуда, осының шеңберінде әр тоқсан сайын жұмыскерлер бағалы ақшалай сыйлықтармен марапатталуда.
Компания ҚЕҚОҚ номинациялары бойынша республикалық конкурс-байқауларға қатысуда. Мысалы, 2019 жылдың маусым айында «ҚМГ» ҰК АҚ бас директорларының V жыл сайынғы форумында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС «ЖОҒАРЫ ҚАУІПСІЗДІК ДЕҢГЕЙІ ҮШІН» МАРАПАТЫНА ие болды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz