Активтерді басқару

«ПҚОП» ЖШС-да «Активтерді басқару» ISO 55001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес активтерді басқару жүйесі енгізілген және сертификатталған.

Активтерді басқару жүйесі кәсіпорынның біріктірілген басқару жүйесінің бөлігі болып табылады және өндірістік активтерді сенімді, қауіпсіз және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

«ПҚОП» ЖШС-да активтерді басқару жабдықтардың толық өмірлік циклін қамтиды, соның ішінде:

Активтерді басқару жүйесінің негізгі міндеттері:

жабдықтардың сенімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;

істен шығу (бұзылу) және жоспардан тыс тоқтау тәуекелдерін азайту;

техникалық қызмет көрсету және жөндеу тиімділігін арттыру;

өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

өндірістік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру;

өндірістік процестердің тұрақтылығын сақтау.

ISO 55001 стандартын енгізу аясында «ПҚОП» ЖШС-да кәсіпорынның ішкі процестері мен құжаттамасын халықаралық стандарт талаптарына бейімдеу жүргізілді, сондай-ақ активтерді басқару жүйесін қолданыстағы сапа менеджменті, еңбекті қорғау, экология және энергия менеджменті жүйелерімен интеграциялау (біріктіру) қамтамасыз етілді.

Кәсіпорында активтерді басқаруда тәуекелге бағдарланған тәсіл қолданылады, ол:

өндірістік тәуекелдерді анықтауды және бағалауды; 

жабдықтардың техникалық жағдайын талдауды;

істен шығу (бұзылу) жағдайларының алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыруды;

активтерді басқару процестерін үнемі жетілдіруді қарастырады. 

Кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік қызметпен, экологиямен, энергия менеджментімен, жабдықтардың сенімділігімен және өндірістік процестердің тұрақтылығымен байланысты тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау бойынша жұмыс жүргізіледі.

«ПҚОП» ЖШС-да активтерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру үшін:

Мердігер ұйымдармен өзара іс-қимылға (өзара жұмыс жүргізуге) және жабдықтарды пайдаланудың сенімділігі, қауіпсіздігі және тиімділігі саласындағы талаптарды сақтауға ерекше назар аударылады.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz