ресми сайт

ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТ ЕТУ

Өтініштермен жұмыс жүргізу және азаматтарды жеке қабылдау – азаматтардың сенімін нығайтудың негізгі механизмдерінің бірі. «ПКОП» ЖШС-да тұрақты негізде азаматтардың өтініштерін қарау және Шымкент қаласының жеке тұлғалары мен заңды тұлғаларының өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.
Компанияның сайттарында Шымкент мұнай өңдеу зауыты басшыларының азаматтарды қабылдау кестелері туралы хабарландырулар жарияланады. Азаматтарды қабылдау күндері мен уақыттары туралы ақпарат компанияның арнайы стендтерінде орналастырылған. Өтініштерді қабылдау және оларды шешу тәртібі туралы визуалды ақпарат компанияның барлық ғимараттарындағы стендтерге орналастырылған.
Бекітілген кестелерге сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды күн сайын жұмыс күндері компания басшылығы жүргізеді. «ПКОП» ЖШС барлық басқармаларында азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған жәшіктер орнатылған. Жұмыстың талдауы көрсеткендей, азаматтардың жеке қабылдаудан түскен өтініштерінің көп бөлігі қайырымдылық және әлеуметтік көмек мәселелеріне қатысты.
Сондай-ақ, «ПКОП» ЖШС жыл сайын мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетеді, сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Шымкент қаласының Әкімдігіне қолдау көрсетеді.
«Жедел желі» телефондары:
Электронды пошта:
«ПКОП» ЖШС-да Жедел желі жөніндегі Саясат пен процедура әзірленген. (№ 00-02 саясат). Аталған Саясат: Компания жұмыскерлеріне және үшінші тарапқа заңсыз әрекеттерге және (немесе) әрекетсіздікке, әділетсіз немесе алаяқтық әрекеттерге күдік туралы шағым түсіруге мүмкіндік беру, мұндай шағымдардың тиісті түрде қаралуын қамтамасыз ету және осы Саясатқа сәйкес адал ниетпен шағымданған тұлғаларды қорлау мен кемсітуден қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
Соңғы үш жыл ішіндезаң бөлімі зауытқа жақын елді мекендер тұрғындарының шағымдарын қарастырған жоқ.
Жұмыскерлердің шағымдары, талаптары немесе ұсыныстары болса, жұмыскер хаттар мен ұсыныстарға арналған арнайы жәшіктер арқылы жазбаша хабарлама қалдыруға құқылы.
Қаланың әлеуметтік жобаларын іске асыруға көмектесу үшін Шымкент қаласының әкімдігі мен «ПКОП» ЖШС арасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы аясында әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz