официальный сайт

Қоршаған ортаны қорғау

Компания жыл сайын табиғат қорғау іс-шараларына, халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ресурс үнемдейтін технологиялар мен үдерістерді енгізуге қомақты қаражат бөләп тұрады.

ПҚОСИ АФ әртүрлі экологиялық жобаларды белсенді түрде жүзеге асырып тұруда. Мысалы, ПҚОСИ АФ-да «Жасыл кеңсе» жобасын іске асыру аясында тұрақты негізде мыналар іске асырылып тұрады:

  • шыныны, пластмассаны, макулатураны, соның ішінде жұмыскер үйден әкеле алатын макулатураны жинау және кейінгі өңдеуге беру;
  • барлық басып шығару құрылғыларында құжаттарды екі жақты басып шығару орнатылған;
  • электрондық қалдықтарды кәдеге жарату шарты жасалды;
  • тамақ қалдықтары бөлек жиналуда;
  • жұмыскерлердің велокөліктері үшін жеке тұрақ орнатылды;
  • жарықтандыруды ресурстарды үнемдейтін жоспарлы ауыстыру жүзеге асырылуда.

Компанияда экологиялық аспектілерді анықтау және олардың маңыздылығын бағалау жұмысы жүргізілді де, экологиялық аспектілердің әсерін бақылау және төмендету бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленуде.

ПҚОСИ АФ қайырымдылық қорларына киім, төсек жабдықтары мен ойыншықтарды жинау және беру бойынша әлеуметтік және экологиялық науқанын жалғастыруда.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz